KZTO 839,00 (+0,13%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 839,00 (+0,13%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Директорлар кеңесі

Булат Закиров
Директорлар кеңесінің төрағасы, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілі

Ағымдағы сайлау күні: 2023 жылдың 14 тамызы

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған күні: 16 шілде 1976 жыл

Білімі: «Халықаралық валюта және қаржы қатынастары» мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік басқару академиясын және «Мұнай және газ экономикасы» мамандығы бойынша Данди университетін (Шотландия) бітірген, ғылым магистрі.

Жұмыс тәжірибесі:

1999-2009 жылдары «ҚазТрансОйл» АҚ стратегиялық жоспарлау бөлімінің маманы, жобаларды басқару департаментінің менеджері, бас менеджер, директордың орынбасары, кейін көлік логистикасы департаментінің директоры, перспективалық даму департаментінің директоры, бас директордың даму жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.

2009-2011 жылдары - «ҚМГ-Транскаспий» ЖШС бас директорының орынбасары, бас директоры.

2012-2016 жылдары «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының кеңесшісі, өндіріс жөніндегі басқарушы директор, даму жөніндегі бас директордың орынбасары және активтер бойынша басқарушы директор қызметтерін атқарған.

2016-2018 жылдары - «KMG Systems & Services» ЖШС бас директорының кеңесшісі.

2018 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Мұнай тасымалдау департаментінің директоры, Мұнай тасымалдау департаментінің басшысы.

2022 жылдың мамырынан - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

Толық емес жұмыс күні және директорлар кеңестеріндегі мүшелік: «КҚК-Р» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, «Қазтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы, KMG International Директорлар кеңесінің мүшесі.

Қоғамның акцияларын иелену: жоқ.

Компанияның жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына меншік құқығы: жоқ.

Серiктестер