Топтық хатшысы

Топтық хатшы қызметі

«ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) топтық хатшының функцияларын орындалуын қамтамасыз ету үшін топтық хатшының қызметі құрылған. Топтық хатшының қызметі Қоғамның құрылымдық болімшесіне қарайды және де топтық хатшының қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғамның Жарғысына, Корпоративтік басқару кодексіне, Қоғамның топтық хатшысы туралы ережеге және Қоғамның басқа да ішкі құжаттарына сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
Шманов Айрат Махамбетұлы
«ҚазТрансОйл» АҚ топтық хатшысы
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

Туған күні: 1972 жылғы 20 қазан.

Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философиялық және экономикалық факультетін бітіріп, психолог біліктілігі берілген, «Әділет» жоғарғы мектебі – заңгер біліктілігі беріліп, заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Жұмыс тәжірибесі: 1999 жылдан 2002 жылдар аралығында «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ стратегиялық жоспарлау және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі және аға талдаушысы болып жұмыс істеді. 2002-2014 жылдар кезінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ лауазымды қызметтерді атқарған. 2014-2015 жылдар аралығында «ҚазТрансОйл» АҚ сәйкестік қызметінің жетекшісі болып қызмет атқарды. Қазіргі таңда «ҚазТрансОйл» АҚ топтық хатшысы.