KZTO 751,89 (+0,39%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 751,89 (+0,39%)
Brent 111,09 (+1,00%)
WTI 111,25 (+0,88%)
423,25
451,21
7,26

Бос жұмыс орындары

ІЗДЕНУШІЛЕРДІҢ НАЗАРЫНА, АБАЙЛАҢЫЗ АЛАЯҚТАР!
 
«ҚазТрансОйл» АҚ орналасқан өңірлерде ізденушілерді (үміткерлерді) «ҚазТрансОйл» АҚ-қа сыйақы үшін жұмысқа орналастыруды ұйымдастырумен байланысты алаяқтық жағдайлары тіркелген. Осы фактілер бойынша қылмыстық қудалау органдары тексеріс жүргізуде!

Ақшалай сыйақы үшін «ҚазТрансОйл» АҚ-қа жұмысқа орналастыру туралы кез келген ұсыныстар, сауалнама бланкілерін және «кепілдіктер» беру алаяқтық схема болып табылады. Сақ болыңыз және арандатушылыққа бой алдырмаңыз!

Компания персоналды іріктеу кезінде делдалдармен жұмыс істемейді. Бос лауазымдарға қабылдауды кадр қызметі тек конкурстық және тегін негізде, тек «ҚазТрансОйл» АҚ-тың қызметтік офистерінде жүзеге асырады!

Егер сізде қандай да бір сыйақы үшін «ҚазТрансОйл» АҚ-қа жұмысқа орналасуға «көмек» көрсетуді жүзеге асыратын тұлғалардың іс-әрекеттері туралы нақты деректер болса, 102 телефоны немесе «ҚазТрансОйл» АҚ корпоративтік қауіпсіздік департаментінің  +7 7172 55 52 13, тел: +7 776 044 52 13 телефондарына хабарласуларыңызды сұраймыз.

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың корпоративтік қауіпсіздік департаменті

Бос жұмыс орындары

 
Ішкі аудит қызметінің жетекші аудиторы
Түйіндемені қабылдау мерзімдері: 17.05.2022 - 24.05.2022

Өңір: Нұр-Сұлтан қ.

Талаптар
Біліктілік талаптары Бухгалтерлік есеп және аудит және/немесе қаржы және/немесе экономика және/немесе юриспруденция және/немесе ақпараттық технологиялар және/немесе техникалық салаларда жоғары кәсіптік білім
Лицензиялардың, сертификаттардың және т.б. болуына қойылатын талаптар CIA халықаралық ішкі аудитор сертификатының, сондай-ақ мынадай сертификаттардың болуы: CISSP, CISA, CISM.
Кәсіби саладағы жұмыс тәжірибесі кемінде 5 (бес) жыл, мұнай-газ саласындағы компаниялардағы ішкі аудит саласында және/немесе халықаралық аудиторлық және консалтингтік компаниялардың сыртқы аудиті саласында және/немесе ірі өндірістік компанияларда және/немесе халықаралық аудиторлық және консалтингтік компанияларда IT аудит саласында жұмыс тәжірибесінің болуы құпталады.
Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі -
Еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті білім:
Ішкі аудиторлар институты әзірлеген ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарын; халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын; Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, оның ішінде аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп, салық салу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді; қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, құжаттаманы жүйелеуді, есепке алуды және жүргізуді; менеджмент жүйелерін; мемлекеттік тілді ҚР СТ 1928-2015 сәйкес базалық деңгейде білу; ағылшын тілі (Intermediate-тен төмен емес).
Лауазымдық міндеттері:
Қоғамның өндірістік, операциялық және қаржылық процестерінің олардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, халықаралық келісімдерге, Қоғамның ішкі құжаттарына сәйкестігі мәніне аудиті, уәкілетті мемлекеттік органдардың талаптарын, Қоғам органдарының шешімдерін, сондай-ақ осы талаптарды сақтау мақсатында құрылған жүйені орындау.

Жабық бос орындар

2022
Инвесторлармен байланыс қызметінің менеджері
Түйіндемені қабылдау мерзімдері: 26.04.2022 -04.05.2022

Өңір: Нұр-Сұлтан қ.

Талаптар
Біліктілік талаптары Жоғары экономикалық және/немесе заңгерлік және/немесе гуманитарлық
Лицензиялардың, сертификаттардың және т.б. болуына қойылатын талаптар -
Кәсіби саладағы жұмыс тәжірибесі Кемінде 3 жыл
Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі -
Қосымша талаптар мемлекеттік тілді білу
Еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті білім:
Акционерлік қоғамдар туралы, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңнама саласында. Эмитенттердің, акционерлердің және қаржы нарығының кәсіби қатысушыларының өзара іс-қимылының процестері мен қағидаттары.
Лауазымдық міндеттері:
Заңнаманың өзгеруіне және бағалы қағаздар нарығын реттеу құралдарына мониторингті жүзеге асыру, «Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі – КАЅЕ) интернет ресурсында жариялау үшін ақпарат дайындау. Қоғам қызметі туралы тұрақты есептілік пен ақпараттық хабарламаларды жариялауда нарық реакциясына мониторинг жүргізу, талдаушылардың сыни бағалары мен жағымсыз ұсынымдарын, KASE-дегі Қоғам акцияларының айналымы мәселелері бойынша жағымсыз жарияланымдарды, Қоғам үшін жағымсыз сипаттағы миноритарлық акционерлердің өтініштерін анықтау және жинақтау. Акционерлермен және әлеуетті инвесторлармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру.
Келісімшарттар және жергілікті қамтымды дамыту департаментінің директоры келісімшарттар және жергілікті қамтымды дамыту департаментінің директоры
Түйіндемені қабылдау мерзімдері: 18.04.2022 -22.04.2022

Өңір: Нұр-Сұлтан қ.

Талаптар
Біліктілік талаптары Жоғары экономикалық және/немесе техникалық
Лицензиялардың, сертификаттардың және т.б. болуына қойылатын талаптар -
Кәсіби саладағы жұмыс тәжірибесі Кемінде 5 жыл
Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі Кемінде 1 жыл
Еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті білім:
Тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу саласында.
Лауазымдық міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу жоспарын қалыптастыруды, тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды, сауда-саттықты (аукциондарды, тендерлерді) белгіленген тәртіппен ұйымдастыруды және өткізуді қамтамасыз ету. Шарттарды дайындауды, жасасуды бақылау. Талап қою жұмыстарын және берешектерді өндіріп алу бойынша басқа да рәсімдерді жүргізуді қамтамасыз ету, талап қою жұмысын жүргізуге қатысу. Жасалған шарттарға сәйкес өнім берушілер ұсынатын тауарлардағы, жұмыстар мен қызметтердегі жергілікті қамту есептерін бақылауды және тексеруді ұйымдастыру. Сатып алынатын тауарлардағы, жұмыстардағы, қызметтердегі жергілікті қамту мониторингін жүзеге асыру, жергілікті қамту мәселелері бойынша есептер мен талдамалық анықтамалар жасау.
Бизнес-процестерді және тәуекелдерді басқару департаментінің тәуекелдерді басқару және ИМЖ бөлімінің менеджері (уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру уақытына)
Түйіндемені қабылдау мерзімдері: 04.04.2022 -08.04.2022

Өңір: Нұр-Сұлтан қ.

Талаптар
Біліктілік талаптары кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім
Лицензиялардың, сертификаттардың және т.б. болуына қойылатын талаптар Тәуекел-менеджер сертификаты
Кәсіби саладағы жұмыс тәжірибесі кемінде 3 (үш) жыл
Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі -
Еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті білім:
Интеграцияланған менеджмент жүйесі саласындағы заңнамалық, өзге де нормативтік құқықтық актілер;
Интеграцияланған менеджмент жүйесі саласындағы әдістемелік және нормативтік құжаттар;
Менеджмент жүйесін сертификаттау тәртібі.
Лауазымдық міндеттері:
Қоғамда интеграцияланған менеджмент жүйесінің нәтижелі жұмыс істеуін қолдау және үздіксіз жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізу;
Қоғамның қызметіне байланысты тәуекелдерді анықтау және бағалау, осы тәуекелдерді басқару бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Коммерция жөніндегі басқарушы директор
Түйіндемені қабылдау мерзімі: 18.04.2022 - 22.04.2022

Өңір: Нұр-Сұлтан қ.

Талаптар
Біліктілік талаптары Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім; мүмкіндігінше «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» дәрежесінің болуы немесе басқару (менеджмент) саласында қосымша білімінің болуы шарт
Лицензиялардың, сертификаттардың және т.б. болуына қойылатын талаптар -
Жалпы жұмыс өтілі Кемінде 7 жыл
Кәсіби саладағы жұмыс тәжірибесі Кемінде 5 жыл
Мұнай-газ саласындағы жұмыс тәжірибесі Кемінде 5 жыл
Басшылық лауазымдардағы жұмыс тәжірибесі Кемінде 5 жыл
Еңбек міндеттерін орындау үшін қажетті білім:
Стратегиялық басқару, бизнесті дамыту және мұнай-газ саласындағы тәуекелдерді басқару, корпоративтік басқару және іскерлік әкімшілік ету саласында.
Лауазымдық міндеттері:
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың (бұдан әрі - Қоғам) сатып алу және материалдық-техникалық жабдықтау блогының қызметін жалпы басқару және бақылау. Қоғамның қажеттіліктерін кешенді және уақытылы қамтамасыз ету процесіне басшылық ету (ресурстар шығындарының нормативтері, ресурстарға қажеттіліктер, ресурстарға өтінімдер, ресурстарды жеткізу). Қоғамның қажеттіліктері үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру.
Mәртебе:
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының (Басқарма төрағасының) бұйрығымен «ҚазТрансОйл» АҚ коммерция жөніндегі басқарушы директоры лауазымына 2022 жылғы 27 сәуірден бастап Әмір Низамұлы Рахматуллаев тағайындалды.

Әмір Низамұлы Рахматуллаев осы лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді. Қырғыз-Ресей-Славян университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген, Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтында экономика магистрі дәрежесін алған, еңбек қызметінің жалпы өтілі 19 жылды құрайды.

Ә.Н. Рахматуллаев сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне төзімділік тұрғысынан психологиялық профайлингті қолдана отырып, комплаенс-бақылау рәсімінен және полиграфта арнайы тексеруден сәтті өтті.
Серiктестер