KZTO 834,63 (+0,21%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 834,63 (+0,21%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ ресейлік мұнайды Қазақстан Республикасы аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына тасымалдау тарифтерінің бекітілгені туралы хабарлайды

03.01.2019    Көрулер: 1381
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №545 бұйрығымен 2019 – 2023 жылдар аралығындағы кезеңге Ресей Федерациясының шекарасы – Қазақстан Республикасының шекарасы (Прииртышск) – Атасу (Қазақстан Республикасы) – Алашанькоу (Қытай Халық Республикасы) бағыты бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына жылына 10 млн тонна көлемінде ресейлік мұнайды тасымалдау құны, ҚҚС-ты қоспағанда, 1 тонна үшін 15,0 АҚШ доллары, оның ішінде:
  1. Ресей Федерациясы шекарасы – Қазақстан Республикасы шекарасы (Прииртышск) – Атасу (Қазақстан Республикасы) учаскесінде, оның ішінде «Атасу» БМАС-та мұнайды ауыстырып құю – ҚҚС-ты қоспағанда, 1 тонна үшін 4,23 АҚШ доллары;
  2. Атасу (Қазақстан Республикасы) – Алашанькоу (Қытай Халық Республикасы) учаскесінде - ҚҚС-ты қоспағанда, 1 тонна үшін 10,77 АҚШ доллары мөлшерінде бекітілді.


Серiктестер