KZTO 843,00 (-0,76%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 843,00 (-0,76%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ-тың магистральдық құбырлар жүйесі арқылы ішкі нарыққа мұнай айдау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметке уақытша өтемдік тарифтің бекітілгені жайында хабарлама

06.08.2019    Көрулер: 1392
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Осымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетімен (бұдан әрі – Уәкілетті орган) «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының магистральдық құбырлар жүйесі арқылы ішкі нарыққа мұнай айдау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметке уақытша өтемдік тарифтің 2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2020 жылғы 31 тамызға дейін бекітілгенін хабарлаймыз (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасы міндетін атқарушысының 2019 жылғы 31 шілдедегі №204–НҚ бұйрығы). «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының магистральдық құбырлар жүйесі арқылы ішкі нарыққа мұнай айдау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметке уақытша өтемдік тариф 1000 км 1 тонна үшін ҚҚС-сыз 4 721,72 теңгенің бекітілген тариф деңгейінен (0,1%-ға төмендеу) 1000 км 1 тонна үшін ҚҚС-сыз 4 716,62 теңге мөлшерінде бекітілді. Уәкілетті органның 2018 жылға арналған тарифтік сметаны түзетуден бас тартуы себебінен жалпы сомасы 55 млн. теңгеге тарифтік сметаның жекелеген баптарының орындалмауы уақытша өтемдік тарифті қолдануға негіз болды.


Серiктестер