Басқарма

Шыңғыс Сейсекенов
«ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары
Басқарма құрамына 2018 жылдың 23 маусымында қайта сайланды.

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

Туған күні: 11 сәуір 1981 жыл.

Білімі: 2002 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Халықаралық экономикалық қатынас, халықаралық валюталық-қаржылық қатынас» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2005 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің аспирантурасын «Қаржы, ақша айналымы және несие» мамандығы бойынша аяқтаған. Леонард Н. Штерн атындағы Нью-Йорк университетінің іскерлік мектебі, Лондондық экономика және саяси ғымыдары мектебі мен НЕС Париж коммерциялық жоғарғы мектебі бірігіп атаған Іскер әкімшілік магистрі (MBA) дәрежесіне ие. Экономика ғылымдарының кандидаты дәрежесіне ие. Ағылшын және қытай тілдерін жетік меңгерген.

Жұмыс тәжірибесі:
  • Еңбек жолын 2002-2003 жылдары коммерциялық құрылымдарда материалдық-техникалық қамтамасыз ету менеджерінен бастаған.
  • 2003-ші жылдың қыркүйегінен бастап «МұнайТас» СБҚК » АҚ маркетинг, сатып алу және келісім-шарт департаментінің маманы болып жұмыс істеді.
  • 2007 жылдың ақпан айынан бастап «Бейнеу-Шымкент газ құбыры» ЖШС, «Kazakhstan Petrochemical Industries»ЖШС және «Қазақстан - Қытай Құбыры» ЖШС түрлі басшылық қызметтерінде болған.
  • 2015 жылдың қыркүйегінен 2016 жылдың ақпанына дейін «Қазақстан - Қытай Құбыры» ЖШС бас директорының коммерция жөніндегі орынбасары лауазымын атқарған.
  • 2016 жылдың ақпан айынан «ҚазТрансОйл» АҚ-на бизнесті қолдау жөніндегі атқарушы директор қызметіне қабылданды.
  • 2016 жылғы 10 тамыздан бастап – қазіргі уақытты қоса алғанда «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ Байқаушы кеңесінің мүшесі.
  • 2017 жылғы 13 желтоқсаннан бастап - қазіргі уақытты қоса алғанда «Магистральдық Суағызғы» ЖШС Байқаушы кеңесінің мүшесі.
  • 2018 жылдың 12 сәуірінен бастап қазіргі уақытқа дейін Petrotrans Limited компаниясының директорлар кеңесінің мүшесі.
Қосымша жұмыс пен директорлар кеңестеріндегі мүшелік: Жоқ.