KZTO 834,20 (+0,02%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 834,20 (+0,02%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Энергетикалық менеджмент жүйесі

«ҚазТрансОйл» АҚ ұлттық деңгейде энергияны тұтынуға өз ықпалының дәрежесін түсіне отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік энергетикалық тізілімінің алғашқы субъектілерінің бірі болып 2015 жылы ISO 50001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес энергетикалық менеджмент жүйесін енгізді.

ISO 50001 стандартын енгізудің негізгі мақсаты «ҚазТрансОйл» АҚ энергетикалық ресурстарды тұтыну процесін оңтайландыру және осы процесті жүйелі басқару бойынша құрылымдалған және жан-жақты қамтылған нұсқаулықпен қамтамасыз ету болып табылады.

ISO 50001 стандартының талаптарына сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ Энергетикалық саясатты әзірледі, энергетикалық ресурстарды тұтынуға терең энергетикалық талдау жүргізеді, оның негізінде жыл сайынғы энергетикалық мақсаттар мен міндеттерді және заңнамалық талаптар мен энергияны елеулі пайдалануға қатысты басқа да ақпаратты ескеретін іс-қимылдар жоспарларын белгілейді.

«ҚазТрансОйл» АҚ бойынша 2010 жылдан бастап 2023 жылды қоса алған кезеңге мұнайдың жүк айналымына электр энергиясының үлестік шығынының 13,3 %-ке төмендеуіне қол жеткізілді (42 701 мың кВт*сағ. үнемделді) және «ыстық» мұнай құбырлары бойынша мұнайдың жүк айналымына газдың үлестік шығынының 34,9 %-ке төмендеуіне қол жеткізілді (52 428 мың м3 үнемделді).

2023 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ инспекциялық аудит нәтижесінде энергия менеджменті жүйесінің ISO 50001:2018 талаптарына сәйкестігін растады.

2024 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ объектілерінде кезекті энергетикалық аудит өткізіледі, оның нәтижелері бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ-ның 2025-2029 жылдарға арналған энергия үнемдеу және энергетикалық тиімділікті арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының негізіне алынады.

«ҚазТрансОйл» АҚ энергетикалық саясаты (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    184.76Кб    177

«ҚазТрансОйл» АҚ энергетикалық менеджмент жүйесінің ISO 50001:2018 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестік сертификаты (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    93.83Кб    339
Серiктестер