KZTO 685,00 (+1,33%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 685,00 (+1,33%)
Brent 109,20 (-2,89%)
WTI 105,86 (-0,07%)
470,25
492,78
9,14

Директорлар кеңесінің комитеттері

«ҚАЗТРАНСОЙЛ» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ, ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ

Стратегиялық жоспарлау, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау комитеті Директорлар кеңесіне Компанияны дамыту және басқару стратегиясы, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау мәселелері және Директорлар кеңесі бекіткен стратегияны орындау тиімділігін бағалау мәселелері бойынша ұсынымдар дайындайды.
Стратегиялық жоспарлау, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау комитетінің құрамына кіреді:
  • Адриан Фрейсине – Комитеттің төрағасы;
  • Альберто Мартинес Лопес – Комитеттің мүшесі;
  • Винишиус Агостини Алвес – Комитеттің мүшесі.
«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің стратегиялық жоспарлау, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау комитеті туралы ереже (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    268.77Кб    117

«ҚАЗТРАНСОЙЛ» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ІШКІ АУДИТ КОМИТЕТІ

Ішкі аудит комитеті Директорлар кеңесі ішкі және сыртқы аудит, тәуекелді басқару мен ішкі бақылау сұрақтары бойынша көмек көрсетеді. Сонымен қоса Ішкі аудит комитетінің міндеттеріне Компанияның аудиторларымен бірге Компанияның қаржылық есептілігін талдау мен талқылау, Компанияның сыртқы аудиторларының тәуелсіздігін бақылау, қаржылық есептілікті дайындау процесін, Компанияның ішкі бақылау жүйесінің тиімділігі мен тәуекелдерді басқару ішкі жүйелерінің тиімділігін бақылау және қаржылық есептілікті алдын ала мақұлдау жатады.
 
Ішкі аудит комитетінің құрамы:
  • Винишиус Агостини Алвеc – Комитеттің төрағасы;
  • Альберто Мартинес Лопес – Комитеттің мүшесі;
  • Адриан Фрейсине – Комитеттің мүшесі.
«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің Ішкі аудит комитеті туралы ереже (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    500.15Кб    372

«ҚАЗТРАНСОЙЛ» АҚ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ КАДРЛАР ЖӘНЕ СЫЙАҚЫЛАР ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІ

Кадрлар және сыйақылар комитетінің өкілеттігіне Директорлар кеңесіне Директорлар кеңесінің мүшелерін, Басқарма мүшелерін, корпоративтік хатшыны тағайындауға, бағалауға және сыйақы беруге көмектесу, кадрлық саясаттың тиімділігін қамтамасыз ету, Басқарма мүшелеріне сыйақы беру бойынша өз ұсынымдарын беру, тәуелсіз директорлар мен Басқарма мүшелері және Компанияның басқа жұмыскерлері үшін кәсіптік талаптар дайындау, Директорлар кеңесіне тәуелсіз директорларға, Басқарма мүшелеріне кандидаттар бойынша ұсынымдарын беру және Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің, Басқарманың қызметін бағалау кіреді.
 
Кадрлар және сыйақылар комитетінің құрамы:
  • Альберто Мартинес Лопес  – Комитеттің төрағасы;
  • Винишиус Агостини Алвеc – Комитеттің мүшесі;
  • Адриан Фрейсине – Комитеттің мүшесі.
«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің Кадрлар және сыйақылар комитеті туралы ережесі (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    418.45Кб    75
Серiктестер