KZTO 836,90 (-0,25%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 836,90 (-0,25%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған арнайы шығарылым

19.03.2021    Көрулер: 71058
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Құрметті әріптестер, жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті сіздердің назарларыңызға корпоративті телеарнаның Наурыз мерекесіне арналған арнайы шығарылымды назарларыңызға ұсынады. 

Арнайы шығарылымда  көретіндеріңіз: 
  • Ұлыстың ұлы күнімен «ҚазТрансОйл» АҚ басшылығы құттықтайды; 
  • Наурыздың бастауы Амал. Маңғыстаулықтардың көрісу мерекесінен арнайы репортаж; 
  • Ұмыт қалмаған ұршық. Павлодарлық әріптесіміз Сарқыт Асауова қызметкерлерді ұршық иіруге үйретуде;  
  • Шымкент мұнай құбыры басқармасының мамандары наурыз көже пісіруге қамданып кетті. Оңтүстіктегі наурыз көженің дәмі қандай?
  • Наурыз мейрамына арналған онлайн квизиум. Білгірлер сайысында үздіктер туралы сюжеттен тамашалаңыздар. 
  • Қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақты ойнауды құлсарылық әріптесіміз Асылбек Үмбетов  дәріптеп жүр.  
  • Хабардың соңында ақ батаны тыңдаңыздар!

Серiктестер