KZTO 834,63 (+0,21%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 834,63 (+0,21%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«Менің Қазақстаным» - Құралай Бейсекеева мен Станислав Кипконың влогы: Баянауыл, Павлодар облысы

24.08.2021    Көрулер: 68430
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Біз Павлодар облысы туралы айтқан кезде көз алдымызға бірден халық арасында «екінші Швейцария» деп аталып кеткен Баянауыл елестейді. Павлодар мұнай құбыры басқармасының қызметкерлері Құралай Бейсекеева мен Станислав Кипко «Менің Қазақстаным» айдары үшін Баянауылдың ең үлкен көлі - Сабындыкөл және осы көлге байланысты Баян Сұлудың аңызы туралы баяндайды. Сондай-ақ, Кемпіртас жартасы, Қоңыр Әулие киелі мекені, қазақтың әйгілі ойшылы, Исламның алғашқы миссионерлерінің ұрпағы Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің кесенесі туралы да естисіз.

Естеріңізге сала кетейік, жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті «Менің Қазақстаным» телевизиялық корпоративтік жобасымен жұмысты жалғастыра отырып, компания қызметкерлерін қатысуға шақырады. 

Компанияның әрбір қызметкері жобаның авторлары бола алады, ол үшін ұялы телефонға бейнебаян түсіріп, туған жері туралы VLOG (влог) форматында айтуы қажет. Қатысу үшін электрондық поштаға жазу қажет: marabayeva@kaztransoil.kz.

Серiктестер