KZTO ()
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары ()

«ҚазТрансОйл» АҚ Жергілікті кәсіподақ ұйымының жаңа төрағасы сайланды

 12.11.2025    24

«ҚазТрансОйл» АҚ-та «ҚазТрансОйл» АҚ жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің (Жергілікті кәсіподақ) кезектен тыс конференциясы өтті. Конференция барысында жергілікті кәсіподақ құрамына кіретін алғашқы кәсіподақ ұйымдарының делегаттары Ахмет Қойбағарұлы Сәрсенбайды «ҚазТрансОйл» АҚ жергілікті кәсіптік одағы» ҚБ төрағасы етіп сайлау туралы шешім қабылдады.

Конференция жұмысына сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ әлеуметтік-еңбек қатынастары және жалпы мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Ғазиз Қошанов, адам ресурстарын басқару департаментінің директоры Ерлан Төлегенов және компанияның дербес құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Конференция барысында сөз сөйлеген Ғазиз Қошанов кәсіподақ ұйымының бұрынғы төрағасы Қайыргелді Жақсымбетұлына атқарған еңбегі, белсенді ұстанымы және еңбек ұжымының мүдделерін қорғауға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, оған алдағы уақытта табыс тіледі.

Жаңа сайланған жергілікті кәсіподақ төрағасы Ахмет Сәрсенбай делегаттарға көрсеткен сенімі үшін алғыс айтып, жұмыс беруші мен кәсіподақ арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, сондай-ақ қызметкерлердің құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз етудегі кәсіподақ қозғалысының рөлін арттыру бағытын жалғастыратынын атап өтті.

Кәсіподақ ұйымының қызметі еңбек құқықтарын қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту және ұжымдағы әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мәселелерін тиімді шешуге, сондай-ақ компания басшылығымен сындарлы өзара іс-қимылды дамытуға ықпал етеді.

Реакция:
Серiктестер