KZTO 829,00 (-0,67)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 829,00 (-0,67)

«ҚазТрансОйл» АҚ магистралдық құбырларды сенімді пайдалану мәселелерін талқылады

 13.11.2025    21

Бүгін «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық құбырларды пайдалану және электрохимиялық қорғау қызметтері бойынша техникалық кеңес өткізді. Іс-шара құбыр нысандарын пайдалану және электрохимиялық қорғау жүйелерін техникалық қызмет көрсету, жөндеу және дамытуға жауапты мамандарды біріктіріп, жабдықты қауіпсіз әрі тиімді пайдалану жолдарын бірлесіп талқылауға мүмкіндік берді.

Кездесулер 2001 жылдан бері өткізіліп келеді және сол уақыттан бері тәжірибе алмасу және магистральдық инфрақұрылымның сенімділігін арттырудағы негізгі алаңға айналды.

«Мұндай кездесулер білім мен тәжірибені біріктіруге, инновациялық тәсілдерді талқылауға және магистральдық құбырлардың сенімділігін арттыру бойынша бірлескен шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл – қауіпсіз эксплуатацияны қамтамасыз етуге бағытталған стратегиямыздың маңызды бөлігі», — деді «ҚазТрансОйл» АҚ бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Нұржан Күшжанов.

Компания корпоративтік алаңдарды дамытуын жалғастырып, тәжірибе алмасу және озық технологияларды енгізу бойынша жұмыс істейді; бұл магистральдық инфрақұрылымды қауіпсіз әрі сенімді пайдалануды қамтамасыз етудің басты басымдықтарының бірі болып табылады.



Реакция:
Серiктестер