KZTO 814,04 (-0,36%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 814,04 (-0,36%)

Халық штабының АЭС құрылысына қатысты мүшелері «ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлерімен кездесу өткізді

 25.09.2024    106
Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында «Халық штабының» АЭС құрылысына қатысты мүшелері «ҚазТрансОйл» АҚ орталық аппараттының қызметкерлерімен кездесу өткізді.
 
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Башимов, Қазақстан Халық партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы Нұрдәулет Оразханов, «AMANAT» партиясының Астана қалалық филиалының «Нұра» аудандық филиалының атқарушы хатшысы Мырзамұрат Бисембаев, «AMANAT» партиясының Астана қалалық филиалының атқарушы хатшысы Мұхаммед Болысбек, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС бас директоры Тимур Жантикин, «Астана РЭК» АҚ күрделі құрылыс қызметі бастығының орынбасары Ғабиден Қанатов АЭС құрылысының артықшылықтары туралы айтып берді.
 
Қазақстанда 6 қазанда АЭС құрылысы туралы республикалық референдум өтеді.
 
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер