KZTO 832,12 (-0,09%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 832,12 (-0,09%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Әріптестеріміз халықаралық марафонда бақ сынады

 21.06.2022    279
Нұр-Сұлтан қаласында халықаралық «Half Marathon» атты алғашқы жартылай марафон ұйымдастырылды. 24 елден жиналған төрт мың марафоншы елорданың «Бәйтерек» монументі, Ботаникалық бақ секілді көрікті жерлерімен жүгіріп өткен. Жартылай марафонға қатысушылар екі қашықтықта бақ сынаған. Яғни әйелдер мен ерлер арасындағы аралас жарыс жолында он және 21 шақырымдық қашықтықты бағындырған. Желаяқтардың арасында біздің әріптестеріміз де бақ сынады. Солардың бірі - Павлодар мұнай құбыры басқармасының байланыс жөніндегі инженері Стас Кипко.


- Мұндай келелі халықаралық жартылай марафонға алғаш рет қатыстым. Алған әсерімді сөзбен жеткізу қиын. Нәтижеге көңілім тоқ. Он шақырымдық қашықтықты 45 минут 54 секундта жүгіріп өттім және өз тобымда 13 орыннан көріндім. Алдағы күзде тағы да осындай марафон ұйымдастырылады деп күтілуде. Оған да қатыспақ ойым бар, - дейді әріптесіміз.


Аталмыш марафонға компанияның «Зерттеулер және әзірлемелер орталығы» филиалының қызметкері Регина Курамшина да қатысқанын атап өтуіміз керек.

Бейбіт Бөжен
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер