KZTO 833,20 (-0,44%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 833,20 (-0,44%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесін дамыту мен нығайтудағы жетістігі үшін марапатталды

 21.06.2022    315
Атырау және Құлсары мұнай құбыры басқармаларының ұжымы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің «Алғыс хатымен» марапатталды.


Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінде өткен Қазақстанның тау-кен және өнеркәсіптік қадағалауына 100 жыл толу мерекелік шарасында аймақтағы өнеркәсіптік қауіпсіздік жүйесінің маңыздылығы мен рөліне айрықша назар аударылды.


Атап өткен жөн, өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша депертаменті мұнай тасымалы нысандарына тұрақты түрде өнеркәсіптік қауіпсіздіктің сақталуы мен талаптарының орындалуына бақылау, тексеру жүргізіп тұрады. Тексеру нәтижелеріндегі өндірісте қауіпсіздік талаптарының орындалуы мен қауіпті факторлардың алдын алудағы мұнай құбыры басқармаларының тиімді жұмыстары алға тартылды. Шара барысында үлкен жауапкершілікпен өндіріс қызметкерлерінің еңбек жағдайлары мен өмірінің сақталуына ықпал еткен Атырау және Құлсары мұнай құбыры басқармаларының ұжымы департаменттің «Алғыс хатын» иеленді.
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер