KZTO 839,99 (+0,37%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 839,99 (+0,37%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Апатқа қарсы оқу-жаттығулар өткізілді

 22.06.2022    342
Жақында Қарағанды мұнай құбыры басқармасына қарасты «Атасу» бас мұнай айдау станциясында апатқа қарсы оқу-жаттығулар өткізілді.


Алдын ала дайындалған сценарий бойынша «Павлодар-Шымкент» магистральдық мұнай құбырының 683-шақырымында шартты түрде сыртқа мұнай шығып, соңынан өрт орын алған. Жаттығу кезінде мердігерлік ұйым мамандарының тарапынан тілсіз жау ауыздықталып, мұнай құбырының бойындағы бұзылыс анықталды. Апатты қалыпана келтіру пунктінің мамандары арнайы техниканың көмегімен өрт таралуының алдын алып, барлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып апатты жойды. Сыртқа шыққан мұнайды жинау және сору секілді техникалық шаралар пысықталды.


Жаттығу кезінде шартты зардап шеккен жұмысшыға алғашқы медициналық көмек көрсетілді және мұнайқұбыршылар мен мердігерлік ұйым жұмысшыларының төтенше жағдай кезінде әрекет ету дағдылары шыңдалды, техникалық құрал-жабдықтар мен арнайы көліктердің дайындығы тексерілді.


-Апатқа қарсы оқу-жаттығулар аяқталды, нәтижелері қанағаттанарлық. «Атасу» бас мұнай айдау станциясы мен жұмысшылар, мердігерлік ұйымдардың мамандары оқу-жаттығулар тақырыбын жан-жақты меңгерді деп ойлаймын, жаттығуға 7 арнайы техника жұмылдырылды - дейді ҚарМҚБ «Атасу» БМАС бастығының орынбасары Аян Мұсабеков.


Мұндай оқу-жаттығулар алдағы күндері де жоспарға сәйкес өткізілетін болады.

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер