KZTO 834,63 (+0,21%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 834,63 (+0,21%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ ширек ғасырлық мерейтойына арнау

 23.06.2022    895
Аяулы Сембаева отандық мұнай тасымалы саласына 2011 жылы жұмысқа орналасқан. Қазіргі күні Шығыс операторлық қызметтер көрсету басқармасына қарасты №11 мұнай айдау станциясында қоймашы болып еңбек етеді. Жасынан ақындыққа жаны құштар әріптесіміздің қаламынан түлі тақырыптарға арналған өлеңдер туған.


-Өлең жазу ермек емес, қаншама дайындалсаң да ойыңды қағазға түсіре алмайсың. Бәрі шабытқа, көңіл-күйге байланысты», - дейді ол. Ақындықты серік еткен әріптесіміздің қаламынан жақында компанияның 25 жылдық мейрейтойына арналған жыр шумақтары туындаған екен. Әлі сиясы кеппеген өлең жолдарын назарларыңызға ұсынамыз.
 
ҚазТрансОйл – талайлардың бесігі,
Елімізде асқақтап тұр есімі.
Өткен жылды табыспенен қарсы алып,
Барыс жылға айқара ашық есігі.
 
Мына ғалам қылсадағы нені ақыл,
Бұл кәсіпте шыныққан ері батыл.
ҚазТрансОйл-дың ширек ғасыр жолында
Құбыршылар маңдайының тері жатыр.
 
Қара алтынды қазаққа Құдай берген,
Тәубе тілеп, айналасың мұнайлы елден.
Айдынды Алакөлде құбыр тартып,
Халқымның өміріне шырай берген.
 
Еңбек деген әрқашан да ұлы ұғым,
Жалықпаймыз қайталаудан мұны мың.
25 жыл құтты болсын беделді,
Мағыналы, ұзақ болсын ғұмырың!
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер