KZTO 848,50 (-0,12%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 848,50 (-0,12%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Атырау МҚБ-да «Үздік маман-2022» конкурсының алғашқы туры басталды

 29.06.2022    586
Атырау мұнай құбыры басқармасында «Үздік маман» сайысының І туры басталды. Мұнайқұбыршылар байқауда 8 мамандық бойынша өзара сайысқа түсуде. Атап айтқанда:
            - тауар операторы;
            - желілік құбыржүргізушісі;
            - электр газбендәнекерлеуші;
            - химиялық талдау лаборанты;
            - технологиялық жабдықтарды жөндеу бойынша слесарі   
              (технологиялық қондырғы);
           - бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика бойынша слесарі;
           - электр жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету бойынша монтері;
           - мұнай айдау стансасының операторы.
 

Жалпы байқауға басқармаға қарасты бөлімшелерден 44 үміткер қатысуда.  Олардың басым бөлігі кәсіби конкурста алғашқы рет бақтарын сынауда.   

Байқауда қатысушылар өз мамандықтары бойынша практикалық тапсырмаларды орындаудан және теориялық білімін тексеруден тұрады.


Мамандардың біліктілігін арнайы құрылған қазылар сарапқа салады. Сайыстың алғашқы күндері қатысушылар теориялық білімдерін сынады. Сайыстың жеңімпаздары апта аяғында айқындалатын болады.    

Нұрлыбек Ғизатов
Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер