KZTO 841,30 (-0,14%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 841,30 (-0,14%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Қан тапсыру акциясына қатысты

 11.11.2022    339
Атырау мұнай құбыры басқармасында жылдағы дәстүр бойынша «Донор күні» акциясы өткізіліп, 10 жас маман 4,5 литр қан тапсырды. Акция барсында әр донор 450 граммнан қан өткізді.


Қан тапсыру ерікті түрде жүргізілді. Акцияға қатысушылар күні бұрын тіркеліп қойған. Облыстық қан Орталығынан келген арнайы жылжымалы бригада мамандары мұнайқұбыршыларды тізімге алып, қан құрамын және түрлі инфекциялардың болмауын анықтап алды. Донорлар қан таспырып шыққан соң, тағы бір дәрігердің тексеруінен өтіп, бақылауға алынып отырды. Ерікті қан тапсырушыларға қанды қалпына келтіретін тағамдарды пайдалану туралы кеңестер берді. Сондай-ақ, оларға басшылық тарапынан демалыс күні беріледі. Дәрігерлер қан тапсыру адам ағзасына пайдалы екенін айтады: әсіресе, жүрек пен қан тамыры, иммундық жүйе ауруларының болмауына тосқауыл. Атап өткен жөн, облыстық қан Орталығында Атырау мұнай құбыры басқармасының 15 қызметкері тұрақты донорлар есебінде тұр.  Олар белгілі бір уақыт өткен сайын орталыққа барып қан тапсырып отырады. Мұнайқұбыршылар өз кезегінде акцияға қатысу қанға мұқтаж жандарға көмек ретінде азаматтық борыштары екенін алға тартты.

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер