KZTO 834,63 (+0,21%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 834,63 (+0,21%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

2023 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ мен оның қызметкерлері арасында жаңа Ұжымдық шарт жасасу жоспарлануда.

 18.11.2022    353

2023 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ мен оның қызметкерлері арасында жаңа Ұжымдық шарт жасасу жоспарлануда. Бұл туралы корпоративтік телеарнада тікелей эфир аясында әлеуметтік-еңбек қатынастары және жалпы мәселелер жөніндегі Басқарушы директор Ғазиз Қошанов мәлімдеді.

- Бүгінгі таңда біздің алдымызда қоғам мен оның қызметкерлері арасында жаңа Ұжымдық шарт жасасу бойынша маңызды міндет тұр. 2023 жылғы ақпанда ағымдағы Ұжымдық шарттың қолданысы аяқталады. Осыған байланысты, 2022 жылдың қараша-желтоқсан айларында қызметкерлер кәсіподағымен үш жылдық кезеңге арналған жаңа Ұжымдық шарттың жобасын талқылау жөніндегі келіссөздер рәсімін бастауды жоспарлап отырмыз, - деп атап өтті Ғазиз Қошанов.

Естеріңізге сала кетейік, Ғазиз Жақанұлы биылғы жылы әлеуметтік-еңбек қатынастары блогының қызметі және жалпы мәселелер туралы айтып берді. Сондай-ақ, тікелей эфирде Қоғам қызметкерлерінің бірқатар толғандыратын сұрақтарына жауап берді.

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер