«ҚазТрансОйл» АҚ-та әмбебап спорт алаңдарын салу жоспарлануда. Бұл туралы корпоративтік телеарнада тікелей эфир аясында әлеуметтік-еңбек қатынастары және жалпы мәселелер жөніндегі Басқарушы директор Ғазиз Қошанов мәлімдеді.
- Өндірістік / вахталық бөлімшелер қызметкерлерінің бос уақытын қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылдың соңына дейін спорттық мүкәммалмен 3-тен 1-ге дейінгі әмбебап спорт алаңдарын салу жоспарлануда: футбол, волейбол, баскетбол саны 5 бірлік: Шымкент мұнай құбыры басқармасында 3 бірлік, сондай-ақ Маңғыстау және Жезқазған мұнай құбыры басқармаларында. Ағымдағы күні тендерлік рәсімдер өтті, жеңімпаздар анықталды, шартқа қол қойылды, - деп атап өтті Ғазиз Қошанов
2023 жылы 8 спорт алаңын салу жоспарлануда. Естеріңізге сала кетейік, Ғазиз Жақанұлы биылғы жылы әлеуметтік-еңбек қатынастары блогының қызметі және жалпы мәселелер туралы айтып берді. Сондай-ақ, тікелей эфирде Қоғам қызметкерлерінің бірқатар толғандыратын сұрақтарына жауап берді.