KZTO 814,04 (-0,36%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 814,04 (-0,36%)

«ҚазТрансОйл» АҚ 29-ы Халықаралық KIOGE-2024 көрмесіне қатысып жатыр

 25.09.2024    210
«ҚазТрансОйл» АҚ 25-27 қыркүйек күндері Алматы қаласындағы «Атакент» Қазақстандық Іскерлік Ынтымақтастық Орталығында өткен 29-ы Халықаралық KIOGE-2024 «Мұнай және Газ» көрмесіне қатысып жатыр. Ұйымдастырушылардың ақпараттарына сүйенсек, оған биыл көрме өткізіліп келген жылдардың ішінде ең көп, яғни әлемнің 19 елінен 380  компания келген.

«ҚазТрансОйл» АҚ көрмесі дәстүрлі түрде «ҚазМұнайГаз» АҚ компаниялар тобының бірыңғай стенді аясында жұрт назарына ұсынылды. Көрмеге қатысушылар мұнай тасымалдау компаниясының мамандарымен кездесіп, «ҚазТрансОйл» АҚ қызметі жайлы сұрақтарын қойып, ынтымақтастық туралы ұсыныстарды талқылауға мүмкіндік алды.

KIOGE-2024 көрмесі қатысушылар мен келушілер үшін жергілікті және шетел нарығында мұнай және газ саласының сенімді дамуына бағытталған стратегиялар және бірегей технологиялар, озық тәжірибелермен алмасу алаңына айналды.

Сонымен қатар көрмеде семинар алаңы ұйымдастырылды. Онда қатысушы компаниялар мұнай және газ саласының мамандары үшін бірқатар оқыту семинарларын өткізді. 
Серiктестер