«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы айқындалды

26.11.2021    Көрулер: 114
«ҚазТрансОйл» АҚ Акционерлердің жалпы жиналысының 2021 жылғы 25 қарашадағы шешімімен 3 жыл өкілеттіктер мерзімімен 6 адам санында «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамы айқындалды.

«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелері болып Берлібаев Данияр («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілі), Оразбеков Марлен («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілі), Димаш Досанов («ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы), Винишиус Агостини (тәуелсіз директор), Альберто Мартинес (тәуелсіз директор), Адриан Фрейсине (тәуелсіз директор) сайланды.

«ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып Берлібаев Данияр сайланды.  
Анықтама:

«ҚазТрансОйл» АҚ - магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа келесі бағыттар бойынша тасымалдайды: «Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбырының «Атырау-Самара» учаскесі, «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС жүйесіне ауыстырып тиеу («Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры), Ақтау порты (мұнайды танкерлерге құю), «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ жүйесіне ауыстырып тиеу, «Шағыр» МҚП және Т.Қасымов атындағы МАС теміржол цистерналарына мұнай құю. «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілері Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында орналасқан.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті


Басқа жаңалықтар