KZTO 836,90 (-0,25%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 836,90 (-0,25%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Корпоративтік мәдениет және ішкі коммуникациялар

Корпоративтік мәдениет ұжымды біріктіретін және оны біртұтас ететін негіз болып табылады. «ҚазТрансОйл» АҚ корпоративтік мәдениеті «ҚазТрансОйл» АҚ-тың Даму стратегиясында көрсетілген еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, командалық рух, тиімділік, кәсіпқойлық, тұрақты даму, өзара көмек және командадағы жұмыс сияқты негізгі құндылықтарына негізделеді.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың корпоративтік мәдениеті ішкі ақпараттық арналар желісін пайдалануды, жұмыскерлер үшін корпоративтік іс-шараларды, басшылықтың Компания жұмыскерлерімен кездесулерін, спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды және т.б. қоса алғанда, коммуникация құралдарының кең жиынтығын пайдаланудың арқасында құрылады және дамиды.
 
Коммуникациялар стратегиялық басқару құралы ретінде екі бағыт бойынша жүзеге асырылады – ақпараттандыру және өзара іс-қимыл. Жұмыскерлер ұжымын ақпараттандыру үшін коммуникацияның бес негізгі арнасы құрылған және тиімді пайдаланылады:
  • Корпоративтік ішкі портал;
  • «ҚазТрансОйл» АҚ мобильді ақпараттық қосымшасы;
  • KTO info бірыңғай ақпараттық тарату;
  • «ҚазТрансОйл» АҚ корпоративтік телеарнасы.
Қазіргі уақытта Компанияның көп жұмыскерлері ақпараттық ағынға тартылған және бастапқы дереккөзден ақпаратты ала алады.

«ҚазТрансОйл» АҚ Іскерлік этика кодексі (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    526.87Кб    192
Серiктестер