«ҚазТрансОйл» АҚ-та тұрақты жұмыс істейтін консультативтік - кеңесші орган болып табылатын Ғылыми-техникалық кеңес (бұдан әрі - ҒТК) жұмыс істейді.
ҒТК қызметі «ҚазТрансОйл» АҚ Басқармасының 2023 жылғы 30 қазандағы № 26 шешімімен бекітілген «ҚазТрансОйл» АҚ Ғылыми-техникалық кеңесі туралы ережеге сәйкес регламенттелген.
ҒТК туралы ереженің 10-тармағына сәйкес ҒТК жаңа құрамы жаңартылды және бекітілді («ҚазТрансОйл» АҚ ғылыми-техникалық кеңесінің құрамы туралы» 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №137 бұйрық).
Оның қызметінің мақсаты – «ҚазТрансОйл» АҚ ғылыми-техникалық дамуын ұйымдастыруға практикалық жәрдемдесу, өндірісті жаңғыртуға және оңтайландыруға, прогрессивті инновациялық технологияларды енгізуге, нормативтік техникалық құжаттар базасын жетілдіруге бағытталған ҒЗТКЖ-ның өзекті қолданбалы бағдарын анықтау.
ҒТК негізгі міндеттері:
1) Қоғамның Даму стратегиясы негізінде Қоғамның ғылыми-техникалық дамуының перспективалық бағыттарын айқындау;
2) қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыру және мұнай тасымалдау саласында техникалық әзірлемелер жасау мақсатында Қоғамда ҒЗТКЖ жүргізу бойынша бағыттарды айқындау және шешімдер қабылдау;
3) Қоғамның қолданыстағы өндірістік объектілерін жобалау, реконструкциялау, жаңғырту, техникалық қайта жарақтандыру және жаңа өндірістік объектілерін салу кезінде инновациялық технологияларды қолдану;
4) Қоғам жұмыскерлерінің өнертапқыштық және рационализаторлық қызметін дамыту.
ҒТК өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) инновациялық технологияларды қолдануға қатысты мәселелер бойынша Қоғамның құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстарын қарайды және оларды Қоғамның өндірістік қызметіне енгізу туралы шешім қабылдайды;
2) ҒЗТКЖ жүргізу жөніндегі бағдарламаны қарайды және келіседі;
3) «ҚазТрансОйл» АҚ-та тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүргізу тәртібіне сәйкес инновациялық технологиялардың ТӨС жүргізу туралы шешім қабылдайды;
4) Қоғамның ҒЗТКЖ бойынша корпоративтік стандартқа және «Самұрық-Қазына» АҚ және «Самұрық-Қазына» АҚ тікелей немесе жанама иелік ететін дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы бар заңды тұлғалар инновацияларына сәйкес «Самұрық-Қазына» АҚ-қа инновациялық бастамалар бойынша алдын ала өтінімдерді жіберуі туралы шешім қабылдайды;
5) өндірістерді орналастырудың техникалық-экономикалық негіздеме-лерін, оларды іске асыру үшін жаңа технологиялық процестер мен техникалық құралдарды қолдану мәселелерін, магистральдық мұнай құбырларының неғұрлым ірі немесе күрделі объектілерін жобалауға, бас схемалар мен салу жобаларына тапсырмаларды қарайды;
6) «ҚазТрансОйл» АҚ-та рационализаторлық қызмет туралы қағидаларға сәйкес Қоғам жұмыскерлерінің ұсыныстарын қарайды және оларды рационализаторлық қызмет деп таниды;
7) Қоғамның рационализаторлық қызметін ілгерілетуге жәрдемдесетін адамдарды көтермелеудің қосымша шаралары бойынша ұсыныстар енгізеді, Қоғамның бизнес-жоспарына тиісті қаражатты енгізу туралы ұсынымдар береді;
8) жоғары ғылыми-техникалық жетістіктері, өнімділігін арттыруы, өзіндік құнын төмендетуі, экономикалық көрсеткіштерін жақсартуы үшін сыйлықақы алуға ұсынылатын жұмыстар бойынша ұсыныстарды қарайды;
9) талап етілмеген жобалау-іздестіру жұмыстарының тізбесін келіседі, оны тиісті жұмыстардың бастамашылары (тапсырыс берушілері) ҒТК отырысына ұсынады;
10) Қоғамның инвестициялық бағдарламасының іс-шараларын оларды іске асырудың техникалық орындылығы тұрғысынан қарайды.
2024 жылы: ҒТК 4 отырысы - 1 күндізгі форматта және 3 сырттай өткізілді.