«ҚазТрансОйл» АҚ-та (бұдан әрі - Қоғам) Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (бұдан әрі - ҒЗТКЖ) жүргізу жөніндегі бағдарлама - Қоғамда өткізуге жоспарланған ҒЗТКЖ тақырыптарының тізбесін, сондай-ақ оларды қаржыландыру мерзімдері мен көлемдерін қамтитын, жыл сайын жылжымалы негізде 5 (бес) жыл мерзімге әзірленетін, жоспарланған кезеңді 1 (бір) жылға ұзартуды көздейтін ҒЗТКЖ жөніндегі бағдарлама.
ҒЗТКЖ Қоғамда пайдалану шығындарын төмендету мақсатында Қоғамның магистральдық мұнай құбырларының өндірістік объектілерінде прогрессивті ресурс және энергия үнемдейтін (оның ішінде ғылымды қажетсінетін) технологияларды әзірлеу және енгізу мақсатында жүргізіледі.
Қоғамда ҒЗТКЖ жүргізу тәртібін белгілеу және жауапкершілікті бөлу мақсатында «ҚазТрансОйл» АҚ-та ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу тәртібі» «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының (Басқарма төрағасының) 2024 жылғы 18 қарашадағы №119 бұйрығымен бекітілген.
ҒЗТКЖ өткізу жөніндегі іс-шараларды жалпы үйлестіруді ҒЗТКЖ өткізу жөніндегі бағдарламаға (бұдан әрі - Бағдарлама) сәйкес Қоғамның Ғылыми-техникалық даму тобы жүзеге асырады.
2025-2029 жылдарға арналған бағдарлама қалыптастырылып, 2024 жылғы 27 желтоқсанда «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) бекітті.
ҒЗТКЖ-ны «ҚазТрансОйл» АҚ зерттеулер және әзірлемелер орталығы» филиалы (бұдан әрі - ЗӘО филиалы), сондай-ақ тартылатын сырт ұйымдар орындайды.
ҒЗТКЖ жүргізумен айналысатын ЗӘО филиалы бөлімшелерінің құрамына 3 (үш) зертхана кіреді:
1) Мұнай және мұнай өнімдерін зерттеу зертханасы;
2) Физика-химиялық зерттеулер зертханасы;
3) Коррозия зертханасы;
ЗӘО филиалының зертханалары Қоғамның өндірістік қызметінде анықталған проблемалар мен тәуекелдерді шешу үшін келесі бағыттар бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізеді:
- мұнай мен мұнай өнімдерінің физика-химиялық сипаттамалары мен реологиялық параметрлерін және парафинді тұндыру процестерін зерттеу;