«ҚазТрансОйл» АҚ рационализаторлық қызметі «ҚазТрансОйл» АҚ Басқармасының шешімімен бекітілген (2023 жылғы 26 желтоқсандағы №32 отырыс хаттамасы) «ҚазТрансОйл» АҚ-тағы рационализаторлық қызмет туралы Қағидалармен (бұдан әрі – Қағидалар) регламенттелген.
Осы Қағидалардың мақсаты «ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) өндіріс тиімділігін арттыру және Қоғам жұмыскерлерін ынталандыру үшін рационализаторлық қызмет үшін қолайлы жағдайлар жасау, ғылыми-техникалық шығармашылықты жандандыру және жұмыскерлердің шығармашылық әлеуетін пайдалану болып табылады.
Қоғамда өнімділік пен еңбек өнімділігін жақсартудың бірнеше тетіктері бар. Солардың бірі – рационализаторлық ұсыныс. Рационализаторлық ұсыныс (РҰ) – Қоғамның ғылыми-техникалық кеңесі мойындаған Қоғам қызметінің кез келген саласында техникалық немесе ұйымдастырушылық шешімді қамтитын ұсыныс. Рационализаторлық ұсыныстың объектісі материалдық объект немесе процесс болуы мүмкін.
Сондай-ақ, жақсарту жөніндегі ұсыныс (ЖҰ) – Қоғам жұмыскерлерінің еңбек жағдайларын жақсартуға және/немесе Қоғамның мақсаттары мен міндеттері шеңберінде оң экономикалық нәтиже алуға ықпал ететін техникалық немесе ұйымдастырушылық шешім бойынша жаңа өзіндік ойды қамтитын ұсынысты (идея) қарастырады.
Қағидаға сәйкес 2024 жылы:
1. «ҚазТрансОйл» АҚ рационализаторлық қызмет бойынша 13 бағытта «Өзекті бағыттар тізбесі» бекітілді (рационализаторлық қызмет шеңберінде ұсыныстарға сараптама жүргізуге өтінімдерді толтыру үшін «ҚазТрансОйл» АҚ қызметіндегі техникалық және ұйымдастырушылық бағыттар тізімі).
2. Рационализаторлық ұсыныстар немесе жақсарту жөніндегі ұсыныстар бойынша жұмыскерлердің келіп түскен ұсыныстарына сараптама жүргізу үшін сарапшылар тобы 2024 жылы Қоғам Бас директорының (Басқарма төрағасының) бұйрығымен (2024 жылғы 3 қазандағы №100 бұйрық) жаңартылды және құрылды.
РҰ енгізу кәсіпорынның қызметіне оң әсер етеді. Пайдалы әсерден басқа, рационализаторлық ұсыныстар экономикалық пайда әкелуі мүмкін.
«ҚазТрансОйл» АҚ 2024 жылы магистральдық мұнай құбырлары жүйесінің сенімділігін, өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетуге ықпал ететін жұмыскерлердің 4 ЖҰ және 1 РҰ енгізді.
1 РҰ тану туралы ҒТК қарауына шығару ұсынылды. Қоғам сарапшыларының қорытындысына сәйкес 2 ұсыныс қабылданбады.
«ҚазТрансОйл» АҚ-та 2024 жылы осындай рационализаторлық ұсыныстардың бірі «Маңғышлақ мұнай қоспасын қашаған мұнайына алмастыру есебінен «Өзен-Атырау-Самара» ММҚ «Атырау-Самара» учаскесін пайдалану шарттарын өзгерту жөніндегі ұсыныс» болды (авторы-тасымалдау департаментінің директоры А.Б. Бейсембаев, бірлескен авторы – «ҚазТрансОйл» АҚ «МТБО» филиалының бастығы А.И. Өмірзақов).
Ұсыныс «ҚазТрансОйл» АҚ ғылыми-техникалық кеңесінің сырттай отырысында қаралды (12.06.2024 ж. №2 хаттама), ҒТК мүшелерінің жалпы дауыс беруімен ұсынысты рационализаторлық деп тану туралы шешім қабылданды.