«ҚазТрансОйл» АҚ басым міндеттерінің бірі нормативтік техникалық құжаттар базасын жетілдіру болып табылады. Технологиялық процестерді оңтайландыру, автоматтандыру, жабдықтың жаңа түрлерін, энергия (ресурс) үнемдейтін (оның ішінде ғылымды қажетсінетін) технологияларды енгізу саласындағы соңғы жетістіктер «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жаңа стандарттарын әзірлеуді немесе қолданыстағы стандарттарын қайта өңдеуді талап етеді.
Қоғамда стандарттарды әзірлеу және өзгерту бөгде мамандар мен ұйымдарды тарта отырып, сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ зерттеулер және әзірлемелер орталығы» филиалының өз күшімен жүзеге асырылады.
Стандарттарды әзірлеу/өзектендіру қажеттілігін анықтайтын негізгі факторлар, соның ішінде, бірақ олармен шектелмейді:
Стандарттар өндірістік және технологиялық процестерге нормативтік талаптарды белгілеу мақсатында әзірленеді.
Бас директордың (Басқарма төрағасының) 2024 жылғы 4 шілдедегі № 63 бұйрығына сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ-та стандарттарды әзірлеу тәртібі бекітілді. Осы Тәртіпке сәйкес және Қоғамның магистральдық құбыр саласындағы нормативтік техникалық құжаттарының базасын дамыту және жетілдіру үшін стандарттарды әзірлеу/өзектендіру жөніндегі «ҚазТрансОйл» АҚ жоспары жыл сайын әзірленеді және іске асырылады.
2017-2024 жылдар кезеңінде «ҚазТрансОйл» АҚ-та мердігерлік ұйымдарды тарта отырып, Қоғамның 16 стандарты және 2 ұлттық стандарт әзірленді, өз күшімен Қоғамның 36 стандарты әзірленді/өзектендірілді.
2025 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ зерттеулер және әзірлемелер орталығы» филиалының өз күшімен ҚР СТ «Құбырішілік диагностика және магистральдық мұнай құбырларының тұтастығын кешенді басқару» ұлттық стандартын әзірлеу және Қазақстан Республикасының ҚР СТ3362-2019 «Магистральдық мұнай құбырлары. Техникалық пайдалану» ұлттық стандартына өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде. Бұдан басқа, 2025 жылға арналған стандарттарды әзірлеу/өзектендіру жөніндегі жоспарға сәйкес 1 жаңа стандартты әзірлеу және «ҚазТрансОйл» АҚ ұйымының 17 стандартын өзектендіру көзделген.
Қоғам Өз құзыреті шеңберінде Еуразиялық экономикалық одақ (бұдан әрі - ЕАЭО) қабылдайтын құжаттарды қарауға, келісуге қатысады. Атап айтқанда, 2019-2024 жылдар кезеңінде 50-ден астам мемлекетаралық стандарт жобаларына ескертулер мен ұсыныстар қаралып, ұсынылды.