«ҚазТрансОйл» АҚ өз қызметінде тұрақты даму мәселелеріне ерекше назар аударады. Корпоративтік басқару және тұрақты даму жүйесін жетілдіру -
«ҚазТрансОйл» АҚ 2024-2033 жылдарға арналған Даму стратегиясының ажырамас бөлігі.
«ҚазТрансОйл» АҚ тұрақты даму саласындағы миссиясы - өз кәсіпорындары орналасқан өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң үлес қосу. «ҚазТрансОйл» АҚ қызметінің әрбір деңгейінде экологиялық және әлеуметтік факторларды ескереді, өндіріс және басқару процестеріне үздік тәжірибелерді енгізеді.
«ҚазТрансОйл» АҚ өзі үшін орнықты даму саласындағы стратегиялық бастамаларды айқындады. Осы мақсаттарды іске асыру үшін «ҚазТрансОйл» АҚ алты негізгі қағидатта баяндалған экологиялық және әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын сақтай отырып, орнықты даму саласындағы өз тәжірибелерін жақсарту бойынша үздіксіз жұмыс істеп жатыр.
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың тұрақты даму саласындағы басымдықтары:
-
бизнес қызметінің тиімділігі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету;
-
қоршаған ортаға теріс әсерді азайту;
-
табиғи ресурстарды ұтымды және тиімді пайдалану;
-
қызметкерлерді кәсіби дамыту және әлеуметтік қолдау;
-
өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
-
өндірістік активтерді басқару.
Орнықты даму жүйесін жетілдіру - «ҚазТрансОйл» АҚ 2024-2033 жылдарға арналған даму стратегиясының және ұзақ мерзімді орнықты дамудың негізгі бағыттары мен мақсаттарының бірі.
«ҚазТрансОйл» АҚ тұрақты даму саласындағы стратегиялық бастамалары:
-
қоршаған ортаға теріс әсерді азайту;
-
энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру;
-
өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
-
денсаулықты қорғау;
-
адами капиталды дамыту және адам құқықтарын сақтау;
-
тиімді корпоративтік басқару;
-
жеткізу тізбегін тиімді басқару.
Тұрақты даму мәселелерін басқару «ҚазТрансОйл» АҚ корпоративтік басқару жүйесіне интеграцияланған және «ҚазТрансОйл» АҚ барлық ұйымдық деңгейлерінде жүзеге асырылады.
Тұрақты даму мәселелерін басқару компанияны басқарудың барлық ұйымдық деңгейлерінде жүзеге асырылады: Компанияның Директорлар кеңесі мен менеджменті тұрақты даму мәселелерін басқару процесіне белсенді қатысады. Директорлар кеңесі Компанияның ESG қызметіне қатысты мәселелерді үнемі қарастырады. Стратегиялық жоспарлау, қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау комитеті тұрақты даму қағидаттарын енгізуге жәрдемдеседі.
«ҚазТрансОйл» АҚ-та біртұтас бірлік ретінде жұмыс істейтін төрт менеджмент жүйесін біріктіретін интеграцияланған менеджмент жүйесі енгізіліп, табысты жұмыс істейді:
-
ISO 9001: 2015 «Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар» бойынша сапа менеджментінің жүйесі;
-
ISO 14001: 2015 «Экологиялық менеджмент жүйелері. Талаптар және оларды қолдану жөніндегі нұсқаулық» бойынша экологиялық менеджмент жүйесі;
-
ISO 50001: 2018 «Энергетикалық менеджмент жүйелері. Талаптар және оларды қолдану жөніндегі нұсқаулық» бойынша энергетикалық менеджмент жүйесі;
-
ISO 45001:2018 «Денсаулық сақтау менеджменті және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйелері. Талаптар және оларды қолдану жөніндегі нұсқаулық» бойынша денсаулықты қорғау және еңбек қауіпсіздігі менеджментінің жүйесі.
БҰҰ бастамаларын қолдау
2015 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы әлемдік қоғамдастықтың күн тәртібін айқындаған маңызды экономикалық, әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешуге бағытталған тұрақты даму саласындағы 17 мақсатты (ТДМ) қабылдады.
«ҚазТрансОйл» АҚ та БҰҰ бастамасын оң көреді және бизнесті жауапты жүргізу, корпоративтік басқарудың озық тәжірибелерін қолдану, қоршаған ортаға әсерді барынша азайту және персоналды тиімді басқару арқылы жекелеген ТДМ-ға қол жеткізуге өз үлесін қосуға ұмтылады.
БҰҰ-дың тұрақты даму саласындағы 9 мақсаты компания неғұрлым елеулі үлес қоса алатын «ҚазТрансОйл» АҚ үшін неғұрлым релевантты болып айқындалды:
-
жақсы денсаулық және әл-ауқат;
-
сапалы білім;
-
таза су және санитарлық тазалық;
-
арзан және таза энергия;
-
лайықты жұмыс және экономикалық өсу;
-
индустрияландыру, инновация және инфрақұрылым;
-
климаттың өзгеруіне қарсы күрес;
-
бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар;
-
тұрақты даму мүддесіне арналған серіктестік.
Мүдделі тараптармен өзара әрекеттестік
«ҚазТрансОйл» АҚ Жарғысына және Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ Басқармасының шешімімен (2020 жылғы 22 маусымдағы №15 отырыс хаттамасы) «ҚазТрансОйл» АҚ стейкхолдерлер картасын қалыптастыру регламенті бекітілді.
Бұл құжат «ҚазТрансОйл» АҚ стейкхолдерлерінің және оның еншілес ұйымдарының тізбесін айқындау, оларды топтастыру, «ҚазТрансОйл» АҚ стейкхолдерлерінің картасын қалыптастыру, стейкхолдерлердің талаптары мен күтетін нәтижелерін, айқындау тәртібін, «ҚазТрансОйл» АҚ пен оның еншілес ұйымдарына стейкхолдерлердің ықпал ету дәрежесін және «ҚазТрансОйл» АҚ пен оның еншілес ұйымдарының қызметіне стейкхолдерлердің қызығушылық дәрежесін бағалау тәртібін белгілейді.
Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау кезінде Компанияның маңызды қағидаты компанияда енгізілген менеджмент жүйелері стандарттарының талаптарына сәйкес олардың қажеттіліктері мен үміттерін анықтау болып табылады (ISO 9001, ISO 14001, ISO 45001, ISO 50001).
Стейкхолдерлер картасын қалыптастыру кезінде «ҚазТрансОйл» АҚ үш жыл сайын стейкхолдерлердің «ҚазТрансОйл» АҚ-қа әсерін бағалауды және олардың өзара іс-қимылдың нақты параметрлері негізінде «ҚазТрансОйл» АҚ-қа қызығушылық дәрежесін бағалауды жүргізеді. Ол үшін Компанияның құрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдары олардың мүдделері өз қызметі шеңберінде қозғалатын адамдармен (жеке және заңды) қарым-қатынастарын зерделеу арқылы ішкі сауалнама мен талдауды жүзеге асырады.
2023 жылы Стейкхолдерлер картасы жаңартылды.
«ҚазТрансОйл» АҚ-та құрылған мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл процесі мүдделі тараптардың әртүрлі топтарының мүдделерін уақтылы анықтауға және бағалауға мүмкіндік береді.
Мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу процесі
![ҚазТрансОйл АҚ мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу процесі ҚазТрансОйл АҚ мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу процесі](/_images/article_photo/168_1638262442_1.png)
ҚазТрансОйл АҚ мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу процесі
ҚАУЫМДАСТЫҚТАРҒА МҮШЕЛІК
«ҚазТрансОйл» АҚ кәсіби тәжірибе алмасуға және салалық деңгейі бар міндеттерді шешуге ықпал ететін түрлі кәсіби және салалық бастамаларға белсенді қатысады.
KAZENERGY
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор ретінде танылған. «ҚазТрансОйл» АҚ өкілдері - осы қауымдастық жанындағы Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшелері.
Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы
Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығының негізгі міндеті - салық төлеушілердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғауға жәрдемдесу, салық заңнамасындағы өзгерістер туралы уақтылы хабардар ету.
«ҚазТрансОйл» АҚ өкілдері осы қауымдастықтың жұмыс топтарына қатысады және «ҚазТрансОйл» АҚ-тың салық заңнамасына жоғарыда көрсетілген өзгерістер мен толықтыруларды әзірлеуге қатысуын қамтамасыз етеді.
Халықаралық мұнай тасымалдаушылар қауымдастығы
«ҚазТрансОйл» АҚ - 2015 жылғы 4 қыркүйектен бастап Халықаралық мұнай тасымалдаушылар қауымдастығының мүшесі.
Халықаралық мұнай тасымалдаушылар қауымдастығы (ХМТҚ) қатысушы компаниялардың мұнай тасымалдау жүйелерін тиімді дамыту және халықаралық мұнай тасымалдаудың тұрақтылығын нығайту жөніндегі күш-жігерді үйлестіру үшін құрылған.
Бүгінгі таңда ХМТҚ мүшелері 10 ұйым болып табылады: «МЕРО ЧР» АҚ (Чехия), «Транснефть» ЖАҚ (Ресей), «ҚазТрансОйл» АҚ (Қазақстан), «Транспетрол» АҚ (Словакия), «Гомельтранснефть Дружба» ААҚ (Беларусь), «МОЛ» АҚ (Венгрия), Қытай Ұлттық Мұнай-Газ Корпорациясы (CNPC, Қытай), «Укртранснафта» АҚ (Украина), «Янаф» АҚ (Хорватия) және «ТРАНСНАФТА» АҚ Панчево (Сербия).
Қадағалаушы ретіндегі компания - Каспий құбыр консорциумы (КҚК).
Қауымдастық мүшелерінің өкілдерінен 4 сараптамалық жұмыс тобы құрылды: энергия тиімділігі, заң мәселелері, мұнай жеткізу және магистральдық құбыр жүйелерін тиімді, сенімді және қауіпсіз пайдалану.
Тұрақты сараптамалық топтардың жұмысынан басқа, қауымдастық жұмысының негізгі тетіктері басқарманың жартыжылдық отырыстары, конференциялар, көрмелер мен семинарлар, сондай-ақ техникалық сапарлар мен тәжірибе алмасу болып табылады.
«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
ҰКП ұлттық және шетелдік инвесторлар үшін іскерлік, инвестициялық ахуалды, тұрақтылықты жақсарту, елде бизнес жүргізу жағдайларын дамыту үшін құрылған.
Бұл ұйымға қатысу бизнестің құқықтары мен мүдделерін қорғауды, барлық кәсіпкерлерді бизнес жұмысының заңнамалық және өзге де нормативтік қағидаларын қалыптастыру процесіне кеңінен қамтуды және тартуды қамтамасыз етеді.