Ақпаратты ашу

Ақпаратты жалпыға бірдей жария ету деп оның осы ақпаратты алу мақсаттарына тәуелсіз оның болуына және алынуына кепілдік беретін рәсім бойынша барлық осыған мүдделі тұлғаларға қол жетімділігі түсініледі.

Бағалы қағаздар нарығында Қоғамның ақпаратын ашу анықтылық, мағыналылық және жеделдік қағидаттарында жүзеге асырылады.

«ҚазТрансОйл» АҚ-та қолданылатын нұсқаулықтарға сәйкес белгіленген немесе белгіленбеген адамдар тобы арасындағы құпия ақпараттан тұратын құпия ақпаратты немесе мәліметті қабылдауға қол жетімді кез келген нысанда жариялауға тыйым белгіленген, сондай-ақ осындай мәліметтерді оларға қол жетімділігі жоқ адамға беруге тыйым салынған. Құпия ақпаратқа қызметтік және коммерциялық құпия жатқызылады.Коммерциялық құпия мемлекеттік сырға жатпайтын, адамдардың шектеулі тобы ғана қол жеткізе алатын, оларды жариялау, пайдалану және үшінші адамдарға беру Қоғам мүдделеріне залал келтіретін, Қоғамның өндірістік, қаржылық, басқарушылық, технологиялық, қаржы-экономикалық, құқықтық және басқа да қызметі туралы мәлімет. Қызметтік құпия ҚазТрансОйлдың ішкі қызметін ұйымдастыруға қатысты, жариялауды шектеу қызметтік қажеттілікке негізделген құпия емес мәліметтер.
«ҚазТрансОйл» АҚ ақпаратын ашу туралы қағида (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    101.13Кб    02.09.2020    28