«ҚазТрансОйл» АҚ тұрақты дамуға өз үлесін қосу мақсатында ұлттық деңгейде энергия тұтынуға өзінің ықпал ету дәрежесін түсіне отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік энергетикалық тізілімінің алғашқы субъектілерінің бірі 2015 жылы ISO 50001:2011 «Энергетикалық менеджмент жүйелері. Талаптар және оларды қолдану жөніндегі нұсқаулық» халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келетін энергетикалық менеджмент жүйесін енгізіп, халықаралық SGS ITALIA сертификаттау органынан сәйкестік сертификатын алды.
ISO 50001 халықаралық стандарты бойынша энергетикалық менеджмент жүйесін енгізу мен оның жұмыс істеуін қамтамасыз етудің негізгі мақсаты - «ҚазТрансОйл» АҚ энергетикалық ресурстарды тұтыну процесін оңтайландыру және осы процесті жүйелі басқару бойынша құрылымдық басшылықпен қамтамасыз ету.
ISO 50001 талаптарына сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ-та Энергетикалық саясат әзірленіп, бекітілді, онда компанияның энергетикалық сипаттамаларын тұрақты жақсартуға, энергия сыйымдылығын төмендетуге, энергия үнемдейтін қатынасты және өз қызметінде энергия тиімді мінез-құлықты енгізуге бағытталған міндеттемелері қабылданды. Бұдан басқа, компанияда энергетикалық жоспарлау және энергия тиімділігінің индикаторларын анықтау, энергетикалық талдау және талдау жүргізу әдістемесі бойынша ішкі құжаттар әзірленді.
Ішкі құжаттардың талаптарына сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ-та Қоғамның жыл сайынғы энергетикалық мақсаттары және энергия тұтыну объектілері үшін энергетикалық міндеттер белгіленеді, энергияны айтарлықтай тұтыну аймақтары анықталады, энергетикалық ресурстарды тұтынудың ағымдағы және алдыңғы талдауы, Қоғамның мәнмәтінін, энергоменеджмент жүйесінің жұмыс істеуі бөлігінде мүдделі тараптардың қажеттіліктері мен үміттерін талдау, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы заңнамалық және өзге де талаптарға сәйкестігін бағалау жүргізіледі.
Энергоменеджмент жүйесін енгізу және оның тиімді жұмыс істеуі «ҚазТрансОйл» АҚ-қа энергетикалық саясатта қабылданған міндеттемелерге қол жеткізуге, энергия тиімділігі деңгейін арттыру үшін қажетті іс-қимылдар жасауға әрі энергия менеджменті жүйесінің заңнамалық және ішкі құжаттардың талаптарына, сондай-ақ сертификаттау жөніндегі органдар жүргізетін сертификаттық және инспекциялық (қадағалау) аудиттерден өту кезінде ISO 50001 талаптарына сәйкестігін көрсетуге мүмкіндік берді.
2024 жылы Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы заңнамасының талаптарына сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ объектілерінде кезекті энергетикалық аудит жүргізілді және энергия аудиті қорытындысының нәтижелері бойынша 2025-2029 жылдарға арналған «ҚазТрансОйл» АҚ энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.
2025 жылы сертификаттық аудит қорытындысы бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ энергоменеджмент жүйесінің ISO 50001:2018 халықаралық стандартының талаптарына сәйкестігін растады және TÜV AUSTRIA халықаралық сертификаттау органынан үш жылдық кезеңге сәйкестік сертификатын алды.
«ҚазТрансОйл» АҚ-та энергоменеджмент жүйесін енгізген сәттен бастап он жыл ішінде мұнай айналымына электр энергиясының үлестік шығыны 11,5% төмендеді (38 млн.кВт*сағаттан астам үнемделді), «ыстық» мұнай құбырлары бойынша мұнай айналымына газдың үлестік шығыны 29% төмендеді (шамамен 50 млн. м3 үнемделді).