Құрметті мырзалар!
«ҚазТрансОйл» АҚ мердігерлермен, өнім берушілермен және басқа да мүдделі тараптармен қалыптасқан іскерлік қарым-қатынастарды жоғары бағалайды және ынтымақтастықты өзара сенім, ашықтық пен кәсібилік арқылы құруға ұмтылады.
«ҚазТрансОйл» АҚ өз жұмысында бизнесті адал жүргізу, ашықтық және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын, «ҚазТрансОйл» АҚ-тың Іскерлік әдеп кодексінде бекітілген іскерлік әдеп нормаларын, сондай-ақ корпоративтік басқарудың үздік практикаларын сақтау қағидаттарын басшылыққа алады.
Келе жатқан мерекелер қарсаңында мерекелік құттықтаулардың элементі ретінде сыйлық беру сияқты маңызды тақырыпқа назар аударуды жөн көрдік. Бұл дәстүр жақын адамдарға деген ілтипаттың, құрмет пен қамқорлық көрініс беретін жеке өмірде орынды әрі құнды. Сонымен қатар, корпоративтік мәдениет аясында іскерлік әдеп қағидаттарына сәйкес ілтипат білдірудің басқа нысандарын ұстанған жөн.
«ҚазТрансОйл» АҚ-пен іскерлік өзара іс-қимылдың негізгі қағидаттарын сақтаудағы серіктестік ынтымақтастық үшін алғыс білдіреміз. Аталған қағидаттар, атап айтқанда, Қоғам жұмыскерлеріне немесе олардың отбасы мүшелеріне сыйлықтар, жеңілдіктер, бонустар, қызметтер немесе ынталандырудың өзге де нысандарын ұсынудан бас тартуды көздейді.
Осы тәсілді ұстану барлық серіктестер үшін тең және ашық жағдайларды қамтамасыз етуге, ықтимал мүдделер қақтығысының алдын алуға және іскерлік қарым-қатынастардағы сенімнің жоғары деңгейін сақтауға мүмкіндік береді. Біз бұл мәселеде сіздердің түсіністік танытып, қолдау көрсететіндеріңізге шын жүректен сенеміз.
Өз тарапынан «ҚазТрансОйл» АҚ ортақ әдеп стандарттарына және тараптар мүдделерінің өзара құрметіне негізделген жауапты, ашық және сыйластық бейілділігін растайды.
Ынтымақтастық және орнықты, сенімді әрі ұзақ мерзімді іскерлік қарым-қатынастарды дамытуға қосқан үлесіңіз үшін алғыс білдіреміз.
Құрметпен,
бас директор
(Басқарма төрағасы)
А. Қасенов
