KZTO 840,99 (+0,93%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 840,99 (+0,93%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Корпоративтік хатшысы

КОРПОРАТИВТІК ХАТШЫ ҚЫЗМЕТІ

«ҚазТрансОйл» АҚ-та (бұдан әрі – Қоғам) корпоративтік хатшының функцияларын орындауды қамтамасыз ету үшін корпоративтік хатшы қызметі құрылған.

Қоғамның Корпоративтік хатшы қызметі Қоғамның құрылымдық бөлімшесі болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қоғамның Жарғысына, Корпоративтік басқару кодексіне, Қоғамның корпоративтік хатшысы туралы ережеге және Қоғамның басқа да ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
Шманов Айрат Махамбетұлы
«ҚазТрансОйл» АҚ корпоративтік хатшысы
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.

Туған күні: 20 қазан 1972 жыл

Білімі: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философиялық және экономикалық факультетін бітіріп, психолог біліктілігі берілген, «Әділет» жоғарғы мектебі – заңгер біліктілігі беріліп, заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Жұмыс тәжірибесі: 1999 жылдан 2002 жылдар аралығында «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ стратегиялық жоспарлау және сыртқы байланыстар департаменті секторының меңгерушісі және аға талдаушысы болып жұмыс істеді. 2002-2014 жылдар кезінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ пен «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ-та лауазымды қызметтерді атқарған. 2014-2015 жылдар аралығында «ҚазТрансОйл» АҚ компалаенс-бақылау қызметінің бастығы болып қызмет атқарды. Қазіргі таңда «ҚазТрансОйл» АҚ корпоративтік хатшысы.
 

«ҚазТрансОйл» АҚ Корпоративтік хатшысы туралы ереже (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    839.49Кб    176

«ҚазТрансОйл» АҚ корпоративтік хатшы қызметі туралы ереже (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    231.72Кб    174
Серiктестер