KZTO 817,99 (-0,00%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 817,99 (-0,00%)

Ақпаратты ашу

Ақпаратты көпшілікке жария ету деп оның болуы мен алынуына кепілдік беретін рәсім бойынша осы ақпаратты алу мақсатына қарамастан, оған барлық мүдделі адамдардың қол жеткізуін қамтамасыз ету түсініледі.

Бағалы қағаздар нарығында Қоғамның ақпаратын ашу анықтылық, мағыналылық және жеделдік қағидаттарында жүзеге асырылады.

«ҚазТрансОйл» АҚ-та қолданылатын нұсқаулықтарға сәйкес белгіленген немесе белгіленбеген адамдар тобы арасындағы құпия ақпараттан тұратын құпия ақпаратты немесе мәліметті қабылдауға қолжетімді кез келген нысанда жариялауға тыйым белгіленген, сондай-ақ осындай мәліметтерді оларға қолжетімділігі жоқ адамға беруге тыйым салынған. Құпия ақпаратқа қызметтік және коммерциялық құпия жатқызылады. Коммерциялық құпия мемлекеттік сырға жатпайтын, адамдардың шектеулі тобы ғана қол жеткізе алатын, оларды жариялау, пайдалану және үшінші адамдарға беру Қоғам мүдделеріне залал келтіретін, Қоғамның өндірістік, қаржылық, басқарушылық, технологиялық, қаржы-экономикалық, құқықтық және басқа да қызметі туралы мәлімет. Қызметтік құпия ҚазТрансОйлдың ішкі қызметін ұйымдастыруға қатысты, жариялауды шектеу қызметтік қажеттілікке негізделген құпия емес мәліметтер.

«ҚазТрансОйл» АҚ ақпаратты ашу жөніндегі нұсқаулық (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    193.66Кб    257


 
Серiктестер