«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ
Жалпы ақпарат
2017 жылғы 22 тамыздан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ «Батуми мұнай терминалы» ЖШС-гі (бұдан әрі – БМТ) қатысу үлестерінің 100%-ына иелік етеді, сол арқылы Грузияда өндірістік активтерді тікелей иелену және басқару жүзеге асырылады. «Батуми мұнай терминалы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мемлекетке тиесілі «Батуми теңіз порты» (Грузия) ЖШҚ-дағы 100% үлесті басқаруға ерекше құқықтарға ие.Органдар
Серіктестіктердің жалпы жиналысы.Бақылау кеңесі:
- Төраға: Махин Жайық Түгелұлы - «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары
- Идырысов Орал Армияұлы - «ҚазТрансОйл» АҚ зерттеулер және әзірлемелер орталығы» филиал директорының бірінші орынбасары;
- Сейсекенов Шыңғыс Маратұлы – «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары;
- Таңатарова Шара Бақытжанқызы – «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары;
- Исақов Жайдарман Әзімханұлы – «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары;
- Жұмадиллаев Мұрат Жәнібекұлы – «Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ бас директоры.
Өндірістік және қаржылық көрсеткіштер
2017 | 2018 | 2019 | |
---|---|---|---|
Ауыстырып тиеу көлемі, мың тонна | 2 109 | 1 030 | 857 |
Түсім, млн. теңге | 10 122 | 9 365 | 8 188 |
Жиынтық пайда, млн. теңге | -3 914 | -4 573 | -14 470 |
Қызмет саласы
Мұнайды, мұнай өнімдері мен газды, сондай-ақ оларды қайта өңделген өнімдерін (бұдан әрі – Жүктер) ауыстырып тиеу, тасымалдау, экспедициялау, сатып алу және сату бойынша қызметтер көрсету:- Танкерлерден немесе танкерлерге Жүктерді қотару немесе құю;
- Айлақтар мен технологиялық құбырлар арқылы Жүктерді айдау;
- Жүктерді сұйыққоймаларда сақтау;
- Жүктерді сұйыққоймалардан автокөлік және темір жол аспақұярлықтары арқылы авто- және вагон шандарға және керісінше айдау.
Мекенжайы
6000, Грузия, Батуми, Маяковский көшесі, 4Телефон: +995 422 27 60 06
Факс: + 357 25 762 224