«Қазақстан – Қытай құбыры» ЖШС
Жалпы ақпарат
«Қазақстан – Қытай құбыры» ЖШС (ҚҚҚ) – шетел қатысатын заңды тұлға, оның қатысушылары «ҚазТрансОйл» АҚ және CNODC компаниясы (50/50), Атасу – Алашаңқай мұнай құбырын жобалау, салу және пайдалану мақсатында құрылған. ҚҚҚ ҚР және ҚХР Үкіметтері арасында 2004 жылы 17 мамырда жасалған «Мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге» сәйкес «ҚазТрансОйл» АҚ және Қытай мұнай мен газды барлау және игеру жөніндегі ұлттық компаниясының шешімімен 2004 жылы 30 маусымда құрылды.ҚҚҚ табиғи монополиялар субъектісі.
ҚҚҚ екі магистральды мұнай құбырының меншік иесі:
- 2006 жылы пайдалануға берілгенұзындығы 965,1 км (оның 2,2 км ҚХР аумағында), диаметрі 813 мм, бастапқы өткізу қабілеті жылына 10 млн тонна Атасу – Алашаңқай;
- 2009 жылы пайдалануға берілгенұзындығы 794,263 км, диаметрі 813 мм, бастапқы өткізу қабілеті жылына 10 млн тонна «Кеңқияқ – Құмкөл».
Қазіргі кезде Қазақстан – Қытай мұнай құбырының өткізу қабілетін жылына 20 млн тоннаға дейін ұлғайт жұмысы жүріп жатыр.
Өндірістік және қаржылық көрсеткіштер
2009 | 2010 | 2011 | 2012 | 2013 | 2014 | 2015 | 2016 | 2017 | 2018 | 2019 | |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Тасымалдау көлемі, мың тонна | 7 699 | 10 092 | 10 889 | 10 391 | 11 817 | 16 147 | 15 870 | 14 089 | 16 538 | 16 301 | 16 200 |
Жүк айналымы, млн. тонна*км | 7 791 | 12 495 | 13 859 | 13 745 | 15 655 | 15 565 | 15 664 | 13 110 | 15 609 | 14 607 | 14 590 |
Түсім, млн. теңге | 20 822 | 48 367 | 54 788 | 54 597 | 67 697 | 48 168 | 51 135 | 53 486 | 63 233 | 60 886 | 76 186 |
Жалпы пайда, млн. теңге | 11 602 | 32 143 | 34 868 | 31 917 | 42 780 | 19 947 | 21 488 | 24 178 | 33 282 | 32 780 | 46 380 |
Жиынтық пайда, млн. теңге | -37 371 | 14 188 | 18 331 | 14 040 | 21 297 | (-13 972) | (-89 143) | 12 649 | 12 450 | (-7 452) | 25 392 |
Басқару органдары
Жоғары басқару органы – Қатысушылардың Жалпы жиналысы.Қадағалаушы орган – Байқаушы кеңес:
- Байқаушы кеңестің төрағасы: Танатаров А.Б. – бас директордың орынбасары («ҚазТрансОйл» АҚ-тан).
- Байқаушы кеңестің мүшесі: Чжан Пэн – CNODC ұсынысы бойынша.
- Цянь Ялинь – бас директор (Басқарма төрағасы) ;
- Сұлтаналиев Н.Т. – бас директордың бірінші орынбасары;
- Тәжідинов Н.Қ. – бас директордың коммерция жөніндегі орынбасары;
- Нұрсипатов Ә.Н. – бас директордың экономика жөніндегі орынбасары;
- Чжао Фан – бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары;
- Чжан Юйбо – бас директордың орынбасары - бас есепші.
Мекенжай
Қазақстан Республикасы, 050008Алматы қ., Абай даңғылы, 109 В
Телефон:+7(727) 331 33 10,
Факс: +7(727) 330 97 40,
Сайт: http://www.kcp.kz