«Магистральдық суағызғы» ЖШС

Жалпы ақпарат

2017 жылғы 28 желтоқсанда жарғылық капиталында «ҚазТрансОйл» АҚ қатысу үлесі 100% «Магистральдық суағызғы» ЖШС тіркелді. «Магистральдық суағызғы» ЖШС магистральдық құбырмен су беру бойынша қызметтерді «ҚазТрансОйл» АҚ қызметтерінен шығару, сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ өз ресурстарын мұнай тасымалдау бойынша бейінді қызметіне шоғырландыру мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында құрылған.

Органдар

Жалғыз қатысушы: «ҚазТрансОйл» АҚ (010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Тұран даңғылы, 20).

Бақылау кеңесі:

«Магистральдық суағызғы» ЖШС Бақылау кеңесінің мүшелері:
  • Арынов Сәбит Әбілдаұлы – «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары, төраға;
  • Махин Жайық Түгелұлы – «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары;
  • Сейсекенов Шыңғыс Маратұлы – «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары.
«Магистральдық суағызғы» ЖШС атқарушы органы – бас директор: Берлібаев Мадияр Әмірбайұлы.

Өндірістік және қаржылық көрсеткіштер

2018 (шілдеден) 2019
Сумен жабдықтау көлемі, мың м3 14 924 28 906
Түсім, млн. теңге 3 936 7 666
Жалпы шығын, млн. теңге (614) (2 511)
Жиынтық шығын, млн. теңге (825) (6 505)

Қызмет көрсету саласы

Тұрғындарға, ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге, мұнай-газ өндіруші және өнеркәсіптік кәсіпорындарға:
  • Магистральдық құбырлармен су беру бойынша;
  • Өндіріс, жылу энергиясын беру және тарату бойынша;
  • Электр энергиясын беру бойынша;
  • Атырау облысы Құрманғазы ауданы Қиғаш ауылының, Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласының (Өнеркәсіптік аймақ) шекарасы шегінде ағын суларды бұру бойынша;
  • Магистральдық құбыр (сутартқыш) шекарасы шегінде құбырларды жұмыс істеп тұрған магистральдық және өзге де құбырларға (сутартқыштарға) жалғау (қосу), құбырларды жұмыс істеп тұрған магистральдық және өзге де құбырлардан (сутартқыштардан) ажырату (айыру) бойынша қызметтерді көрсету.

Мекен-жайы

060002, Қазақстан Республикасы,
Атырау облысы, Атырау қаласы,
Қайырғали Смағұлов көшесі, 12-үй
Сайт: http://www.mwl.kz