«МұнайТас» ЖШС

Жалпы ақпарат

«МұнайТас» ЖШС (МұнайТас) – қатысушылары «ҚазТрансОйл» АҚ (қатысу үлесі – 51%) және CNPC Exploration and Development Company Ltd. (қатысу үлесі – 49%) болып табылатын шетелдік қатысу бар заңды тұлға, 2001 жылғы желтоқсанда құрылған.

МұнайТас табиғи монополиялар субъектісі болып табылады.

МұнайТас 2004 жылы пайдалануға енгізілген «Кеңқияқ-Атырау» магистральді мұнай құбырының меншік иесі. Магистральді мұнай құбырының ұзындығы 448,8 км, диаметрі – 610 мм, ағымдағы өткізу қабілеті - 6 млн т/ж.

Мұнай құбыры Ақтөбе және Атырау облыстарындағы кен орындарының мұнайын Атырау МӨЗ-де өңдеу үшін, мұнайды Атырау – Самара және КҚК мұнай құбырларына, сонымен қатар теміржол көлігіне ауыстырып, тасымалдауға арналған.

Өндірістік және қаржылық көрсеткіштер

2009 2010 2011 2012 2013 2014 2015 2016 2017 2018 2019
Тасымалдау көлемі, мың тонна 5 958 4 232 4 029 3 828 3 442 3 022 3 744 4 620 3 660 3 877 3 232
Жүк айналымы, млн тонн*км 2 549 1 726 1 612 1 492 1 318 1 159 1 467 1 843 1 437 1 522 1 232
Түсім, млн теңге 7 904 5 352 4 999 7 719 7 795 6 861 8 681 10 896 8 476 8 908 8 542
Жиынтық пайда, млн теңге 739 123 826 2 133 2 349 1 443 5 365 4 581 3 357 3 235 1 848

Басқару органдары

Жоғары басқару органы – Акционерлер Жалпы жиналысы.

Қадағалаушы орган – Бақылау кеңесі.
  • Бақылау кеңесінің төрағасы: Цзинь Цинго – «Sino-Pipeline International Company» ( «CNPC Exploration and Development Company Ltd.» компаниясынан) Бас директордың орынбасары.
  • Бақылаушы кеңестің мүшесі: Адилова Ш.Б. – бас директордың орынбасары («ҚазТрансОйл» АҚ-нан).
Атқарушы орган – Басқарма:
  • Халимов М.К. – бас директор (Басқарма Төрағасы);
  • Хао Юнь – бас директордың бірінші орынбасары;
  • Ким Э.А. – бизнесті қолдау бойынша бас директордың орынбасары;
  • Ван Ли – бас директордың орынбасары – бас есепші.

Мекенжай

Қазақстан Республикасы, А15E0G0
Алматы қ., Бостандық ауданы
Тимирязев көшесі, 26/29 ғимарат, 6 қабат
Телефон.: +7 (727) 312 22 12
Факс: +7 (727) 356 26 38
Сайт: http://www.munaitas.kz