«ҚазТрансОйл» АҚ құрылымы

«ҚазТрансОйл» АҚ құрылымы
«ҚазТрансОйл» АҚ құрылымы

Жекеленген құрылымдық бөлімшелер


«ҚазТрансОйл» АҚ ФИЛИАЛДАРЫ

«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының зерттеулер және әзірлемелер орталығы» филиалы

(қысқартылған атауы – «ҚазТрансОйл» АҚ ЗӘО» филиалы)

Филиал 2000 жылғы 3 қыркүйекте құрылды.

2020 жылғы мамырда атауы «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының Ғылыми-Техникалық Орталығы» филиалынан «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының зерттеулер және әзірлемелер орталығы» филиалына өзгертілді.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ ЗӘО» филиалы қызметінің негізгі мақсаты техниканың және технологиялардың заманауи деңгейін енгізуді, жобаларды іске асыру кезінде сенімділікті және үнемділікті қамтамасыз ету есебінен «ҚазТрансОйл» АҚ қызметінің сенімділігін және тиімділігін арттыруға бағытталған дамудың ғылыми-негізделген инновациялық-технологиялық бағдарламасы негізінде «ҚазТрансОйл» АҚ-тың орнықты дамуын қамтамасыз ету, жобалау-іздестіру, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу, технологиялық процестерді автоматтандыру, «ҚазТрансОйл» АҚ объектілерін жаңғырту мен дамыту үшін өз базасын жасау және пайдалану, сондай-ақ «ҚазТрансОйл» АҚ нормативтік-техникалық базасын дамытуды және жетілдіруді техникалық реттеу әрі оны халықаралық талаптармен үйлестіру болып табылады.

Жоғарыда көрсетілген мақсаттың орындалуын қамтамасыз ету үшін «ҚазТрансОйл» АҚ ЗӘО» филиалы қызметтің мынадай негізгі түрлерін орындайды:
  • магистральдық мұнай құбырларымен тасымалданатын мұнайдың реологиялық өлшемдеріне зерттеу жүргізу;
  • «ҚазТрансОйл» АҚ-та ғылыми-техникалық және инновациялық қызметті жүзеге асыру;
  • ресурс және энергия үнемдеуші технологияларды әзірлеу және «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік бөлімшелерінде енгізу;
  • «ҚазТрансОйл» АҚ-тың магистральдық құбырлар жүйесі объектілерінің құрылысын жобалауды жүзеге асыру;
  • инновациялық жобалардың, ғылыми зерттеулердің және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелердің «ҚазТрансОйл» АҚ үшін басым бағыттарын белгілеу;
  • «ҚазТрансОйл» АҚ жұмыскерлерін кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды жүзеге асыру;
  • «ҚазТрансОйл» АҚ-тың еншілес және бірлесіп-бақыланатын ұйымдары үшін өнеркәсіптік объектілер мен процестерді жобалаған кезде инженерлік ізденістерді жүзеге асыру және инженерлік қызметтер көрсету.
Филиал «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жүзеге асыруға құқығы жоқ қызмет түрлерін жүзеге асырмайды.
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 050000, Алматы қаласы, Жібек жолы көшесі, 154-үй.
 

«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының мұнай тасымалдауды басқару орталығы» филиалы

(қысқартылған атауы - «ҚазТрансОйл» АҚ МТБО» филиалы)

Филиал 2020 жылғы шілдеде құрылды.

«ҚазТрансОйл» АҚ МТБО» филиалы қызметінің негізгі мақсаты диспетчерлік бақылау және басқару жүйесі (ДББЖ) арқылы «ҚазТрансОйл» АҚ-тың магистральдық мұнай құбырлары жүйесін тікелей басқару, «ҚазТрансОйл» АҚ-тың магистральдық мұнай құбырларының әрбір учаскесі, құю және қотару эстакадалары, құю айлақтары, қабылдау-тапсыру пункттері бойынша мұнайды қабылдау, тапсыру, айдау, ауыстырып құю, қотару және құю технологиялық процестеріне жедел басшылық ету және басқару болып табылады.

Жоғарыда көрсетілген мақсаттың орындалуын қамтамасыз ету үшін «ҚазТрансОйл» АҚ МТБО» филиалы қызметтің мынадай негізгі түрлерін орындайды:
  • «ҚазТрансОйл» АҚ-тың магистральдық мұнай құбырларының (ММҚ) бүкіл жүйесі бойынша ДББЖ арқылы мұнай тасымалдау технологиялық процестерін тікелей басқару;
  • ММҚ объектілерінде мұнайды жөнелтушіден қабылдау пунктінен алушыға тапсыру пунктіне дейін оны ММҚ бойынша қабылдау, тапсыру, айдау, мұнайды басқа ММҚ-ға қотару, құю, тапсыру, көліктің басқа түріне ауыстырып құю, белгіленген, берілген көлемдерде араластыру процестерін жедел басқару;
  • қотару-құю эстакадаларына вагон-цистерналардың және мұнай құю айлақтарына танкерлердің берілуін бақылау;
  • «ҚазТрансОйл» АҚ-тың, мұнай-газ өндіруші ұйымдардың, мұнай өңдеу зауыттарының резервуар парктерінде мұнайдың және бос ыдыстардың болуына мониторинг жүргізу;
  • ММҚ бойынша мұнайды қабылдауды, тапсыруды, айдауды, ауыстырып құюды, қотаруды және құюды жедел есепке алу;
  • тұтас ММҚ және жеке учаскелер бойынша мұнай айдау балансын жедел бақылау және талдау, ММҚ жүйесі жұмысының технологиялық параметрлерін бақылау,ДББЖ бойынша ММҚ объектілерінің негізгі және қосалқы жабдықтарының техникалық жай-күйін бақылау;
  • ММҚ және технологиялық жабдық жұмысы режимінде ауытқулар анықталған кезде технологиялық процесте ауытқулардың алдын алу және жою үшін «ҚазТрансОйл» АҚ құрылымдық бөлімшелерінің тиісті мамандарын тарта отырып, шаралар қабылдау;
  • мұнай өңдеу зауыттарының, мұнай өндіруші ұйымдардың және басқа мұнай-көлік компанияларының диспетчерлік қызметтерімен мұнай қабылдау, тасымалдау және тапсыру мәселелері бойынша жедел өзара әрекеттесу.
Филиал «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жүзеге асыруға құқығы жоқ қызмет түрлерін жүзеге асырмайды.

Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, «Байқоңыр» ауданы, Мәлік Ғабдуллин көшесі, 2-үй.
 

«ҚазТрансОйл» АҚ өкілдіктері:

Ресей Федерациясы аумағында Самара, Омбы және Мәскеу қалаларында «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 3 өкілдігі бар.

Өкілдіктерді құрудың, ашудың негізгі мақсаты Ресей Федерациясында, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерде «ҚазТрансОйл» АҚ мүдделерін қорғауды және өкілдік етуді жүзеге асыру болып табылады.

Жоғарыда көрсетілген мақсаттың орындалуын қамтамасыз ету үшін «ҚазТрансОйл» АҚ Өкілдіктері қызметтің мынадай негізгі түрлерін жүзеге асырады: 
  • мұнайды магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау (айдау, ауыстырып құю, қотару, құю, сақтау, араластыру) бойынша қызметтерді көрсетуге қатысу;
  • қазақстандық мұнайды басқа мемлекеттердің құбыр жүйелері арқылы тасымалдауды ұйымдастыруға қатысу (бірыңғай маршруттау бойынша операторлық қызмет).

«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының Самара қаласындағы өкілдігі

(қысқартылған атауы  - «ҚазТрансОйл» АҚ Самара қаласындағы өкілдігі)

Мекенжайы (заңды): Ресей Федерациясы, 443099, Самара қаласы, Молодогвардейская көшесі, 33-үй, литера Е, 37-бөлме.
Өкілдіктің директоры – Куватова Елена Петровна
 

«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының Омбы қаласындағы өкілдігі

(қысқартылған атауы  - «ҚазТрансОйл» АҚ Омбы қаласындағы өкілдігі)

Мекенжайы: Ресей Федерациясы, 644103, Омбы қаласы, Транссибирская көшесі, №6 үй, №1 корпус, 17П тұрғын емес үй-жай.
Өкілдіктің директоры – Станишевский Владимир Владимирович
 

«ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының Мәскеу қаласындағы өкілдігі

(қысқартылған атауы  - «ҚазТрансОйл» АҚ Мәскеу қаласындағы өкілдігі)

Мекенжайы: Ресей Федерациясы, 115172, Мәскеу қ., Гончарная көшесі, 21-үй, XVIII үй-жай, екінші қабат, №2 кабинет.
Өкілдіктің директоры – Гуменный Игорь Анатольевич