Ақтөбе мұнай құбыры басқармасы

Рзиев Сәбит Асқарұлы
«ҚазТрансОйл» АҚ Ақтөбе мұнай құбыры басқармасының бастығы
«ҚазТрансОйл» ЖАҚ Директорлар кеңесінің 2003 жылғы 24 маусымдағы шешімінің негізінде Ақтөбедегі филиалдың атауы «ҚазТрансОйл» АҚ Ақтөбе мұнай құбыры басқармасы деп өзгертілді.

Ақтөбе МБ негізгі міндеттері:
  • «Жаңажол-Кеңқияқ» және «Әлібекмола-Кеңқияқ» мұнай құбырлары бойынша «Кеңқияқ» БМАС-қа дейін «Жаңажол», «Әлібекмола», «Қожасай», «Көкжиде» кен орындарынан мұнай тасымалдау;
  • «Кеңқияқ-Құмкөл» магистральдық мұнай құбыры мен «Кеңқияқ-Атырау» магистральдық мұнай құбыры бойынша Ақтөбе облысының кен орындарынан (жоғарыда аталған кен орындардан, сондай-ақ «Кеңқияқ», «Ақжар», «Лақтыбай», «Қаратөбе» кен орындарынан) экспортқа мұнай тасымалдау;
  • «Кеңқияқ-Атырау» магистральдық мұнай құбырынан «Кеңқияқ-Құмкөл» магистральдық мұнай құбырына мұнайды реверстік ауыстырып тиеу;
  • «Кеңқияқ-Орск» магистральдық мұнай құбыры бойынша «Бестамақ» мұнай құю теміржол эстакадасына мұнай жеткізу (2015 жылдан бастап жүк жөнелтушілерден өтінімдер болмауына байланысты мұнай айдау жүргізіліп жатқан жоқ).
Қазіргі уақытта Ақтөбе мұнай құбыры басқармасы дегеніміз - ол:
  • 389 білікті жұмысшылар мен инженерлік-техникалық жұмыскерлер, соның ішінде ИТЖ – 140 адам, жұмысшылар – 249 адам;
  • Магистральдық мұнай құбыры жүйесінің жалпы ұзындығы 248,5 км, оның ішінде:
    • «Әлібекмола-Кеңқияқ» магистральдық мұнай құбыры – 15 км;
    • «Жаңажол-Кеңқияқ» магистральдық мұнай құбыры – 51,1 км;
    • «Кеңқияқ-Орск» магистральдық мұнай құбыры – 179,9 км;
  • Резервуар паркінің жалпы сыйымдылығы: 55 мың м3. Олардың бірі «Әлібекмола» БМАС резервуар паркі – 15 мың м3, «Кеңқияқ» БМАС – 40 мың м3 («Кеңқияқ» БМАС жаңарту шеңберінде салынды, пайдалануға беру 2018 жылы күтіледі).
Негізгі өндіріс процесін мына құрылымдық бөлімшелер жүзеге асырады:
  • «Әлібекмола» бас мұнай айдау станциясы;
  • «Кеңқияқ» бас мұнай айдау станциясы;
  • «Темір» авариялық-қалпына келтіру пункті;
  • Өндірістік қызмет көрсету базасы;
  • Электр химиялық қорғау құралдарын және әуе желілерін жөндеу және қызмет көрсету учаскесі;
  • Автоматтандырылған басқа жүйелері учаскесі;
  • Технологиялық көлік және арнайы техника цехі.
Ақтөбе мұнай құбыры басқармасының «Кеңқияқ» БМАС аумағында «МұнайТас» СБКК» АҚ және «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС ғимараттары, құрылыстары мен жабдықтары орналасқан. Осы объектілерге қызмет көрсететін Операторлық қызметтер көрсету басқармасының персоналы да осы жерде.

Мекенжайы:

030018, Қазақстан Республикасы,
Ақтөбе қ., Заречный-1 к., Гуцало к-сі,1-үй
Кеңсе тел.: +7 (7132) 94-22-07, факс: +7 (7132) 94-22-07