БАТЫС ОПЕРАТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ БАСҚАРМАСЫ

Мереке КҮзенбайұлы Иғалиев
«ҚазТрансОйл» АҚ Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының бастығы
Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасы «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. «ҚазТрансОйл» АҚ Басқармасының 2015 жылғы 5 қазандағы № 20 шешіміне сәйкес, 2015 жылғы 7 желтоқсанда Операторлық қызметтер көрсету басқармасы құрылды, 2018 жылғы 3 қаңтардан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасы болып өзгертілді.

Батыс операторлық қызметтер көрсету басқармасы ұзындығы 635,5 шақ. «Қарашығанақ-Атырау» экспорттық құбыржолына, ұзындығы 448,85 шақ. «Кеңқияқ-Атырау» магистральдық мұнай құбыржолына, ұзындығы 466 шақ. «Теңіз-Новороссийск» экспортттық құбыржолының бөлігіне, трассасы Ақтөбе, Қызылорда және Қарағанды облыстарының аумағы арқылы өтетін, жалпы мұнай құбыржолы ұзындығының 794,147 шақ-нан ұзындығы 231,39 шақ. «Кеңқияқ-Құмкөл» магистральдық мұнай құбырының бөлігіне қызмет көрсетеді. Қызмет көрсету учаскелерінің жалпы ұзындығы орнатылған трасса бойындағы жабдықтар, құрылыстар, ЭХҚ мен телемеханика құралдарымен бірге 1781, 74 шақ. құрайды.

«Қарашығанақ-Атырау» мұнай құбырын пайдалану және техникалық қызмет көрсету бастапқы нүкте - Қарашығанақ өңдеу кешенінен Атырау қаласындағы терминалына дейін жүзеге асырылады. Экспорттық құбыржолының ұзындығы 635,5 шақ. 179,6 шақ-да 0 – 411,7 шақ. бөлігіне қызмет көрсететін «Үлкен Шаған» МАС орналасқан, 635,5 шақ-да орналасқан «Атырау» терминалы 411,7 -, 635,5 шақ. бөлігіне қызмет көрсетеді. 

Иесі «МұнайТас СБҚК» ЖШС болып табылатын, ұзындығы 448,85 шақ. «Кеңқияқ-Атырау» магистральдық мұнай құбырын пайдалану және техникалық қызмет көрсету төмендегі шекараларда жүзеге асырылады:
  • Мұнайтас «Кеңқияқ» ЖПУ 0 – 180 шақ.;
  • «3-МАС» ЖПУ 180 – 316 шақ.;
  • «Атырау» ЖПУ 316 – 448,85 шақ.
Иесі «Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ болып табылатын, ұзындығы 466 шақ. «Теңіз-Новороссийск» магистральдық мұнай құбырын пайдалану және техникалық қызмет көрсету төмендегі құрылымдық бөлімшелерімен жүзеге асырылады:
  • «Теңіз» МАС;
  • «Атырау» МАС;
  • «Исатай» МАС;
  • «Құрманғазы» МАС;
  • «Теңіз» АҚКП;
  • «Атырау» АҚКП;
  • «Исатай» АҚКП.
Иесі «Қазақстан-Қытай Құбыры» ЖШС болып табылатын, 0-231,39 шақ. бөлігіндегі «Кеңқияқ-Құмкөл» мұнай құбыры желілік бөлігінің объектілеріне техникалық қызмет көрсетуді және пайдалануды ҚҚҚ «Кеңқияқ» ЖПУ жүзеге асырады.

2020 жылғы 1 қыркүйек жағдайына БОҚКБ қызметкерлер саны 575 адамды құрайды, оның ішінде 281 инженерлік-техникалық қызметкерлер, 294 – өндірістік қызметкерлер.
 
Мекенжайы:
060011, Қазақстан Республикасы,
Атырау облысы, Атырау қ., Орал тас жолының 5 шақ.
Кеңсе телефоны: +7 (7122) 20-55-751