Құлсары мұнай құбыры басқармасы

Қонарбай Бағытжан Қайроллаұлы
«ҚазТрансОйл» АҚ Құлсары мұнай құбыры басқармасының бастығы
Құлсары мұнай құбыры басқармасын құруға Оңтүстік магистральдық мұнай өнімдері құбырлары басқармасының 11.07.1988 ж. №132 бұйрығы негіз болды. Басқарма 1968 жылы құрылған «Құлсары» ЖӨДС-тің заңды мирасқоры.

«Өзен-Атырау», «Прорва-Құлсары», МАС-3-Қосшағыл магистральдық мұнай құбырлары арқылы мұнай қоспаларын қабылдау және тасымалдау - бөлімшенің негізгі функцияларына жатады.

Қызмет көрсетудегі мұнай құбырлары жүйесінің ұзындығы - 404 км.

Құрылымдық бөлімше қызметкерлерінің саны: 467, оның ішінде ИТЖ -153, жұмысшы – 314.

Мұнай құбырлары жүйесінде қызмет көрсетілетін учаскелер және құрылымдық бөлімше қызмет көрсететін өндірістік объектілер:
  • «Құлсары» желілік өндірістік-диспетчерлік станция: А.Құлтумиев атындағы мұнай айдау станциясы - «Опорная» мұнай қыздыру станциясы - «Айранкөл» қабылдау-тапсыру пункті - «Қарсақ-Алтиес» қабылдау-тапсыру пункті;
  • «Қосшағыл» желілік өндірістік-диспетчерлік станция: «Қосшағыл» мұнай айдау станциясы - №3 мұнай айдау станциясы;
  • «Прорва» мұнай айдау станциясы - «Қаратон» мұнай айдау станциясы;
  • өндірістік қызмет көрсету базасы;
  • технологиялық көлік және арнайы техника цехы;
  • авариялық қалпына келтіру пункті;
  • электр – химиялық қорғау және әуе желілері құралдарын жөндеу және қызмет көрсету учаскесі;
  • автоматтандырылған басқару жүйесі учаскесі;
  • орталық қойма;
  • жалпы сыйымдылығы 25000 мың м3 резервуарлық парк;
  • ӘЖ және ЭБЖ – 510,3 км;
  • Мұнай қыздыру пештері – 9 бірлік:
    • Г9ПО2В - 2 дана;
    • ПТБ–10 - 5 дана;
    • БТП-10 МЭ - 2 дана.
  • Негізгі мұнай жабдығы – барлығы 11 бірлік, о.і. магистральдық сорғы агрегаттары – 11 бірлік.
Мекен-жайы:

060100, Қазақстан Республикасы,
Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қ., Өнеркәсіптік аймақ
Кеңсе телефоны: +7 (71237) 73-120