Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы

Құлтумиев Әліби Амандықұлы
«ҚазТрансОйл» АҚ Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының бастығы

Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы «ҚазТрансОйл» ЖАҚ бас директорының 2002 жылғы 4 шілдедегі №121/1 бұйрығымен құрылды.

Мұнай қоспаларын қабылдау және тасымалдау, «Өзен-Атырау-Самара», «Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау», «Өзен-Жетібай-Ақтау» Ду 700 2-желі магистральдық мұнай құбырларын, «Солтүстік Бозащы МАС – Қаражанбас МАС» мұнай құбырын, АПМЗ базасындағы битум зауытына мұнай құбырын пайдалану және техникалық қызмет көрсету Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының негізгі функцияларына жатады.

Қазіргі уақытта Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы – бұл:
  • 1222 білікті жұмысшы және инженерлік-техникалық жұмыскер, оның 348 адамы - ИТЖ, 874 адамы - жұмысшы.
  • Жалпы ұзындығы 999,473 км магистральдық мұнай құбырларының жүйесі, оның ішінде:
    • «Өзен-Атырау-Самара», 0 - 433км учаскесі;
    • «Қаламкас-Қаражанбас-Ақтау» - 264,5км;
    • «Өзен-Жетібай-Ақтау» Ду 700 – 139,196 км;
    • «Өзен-Жетібай-Ақтау» 2-желі – 126,6км;
    • «Солтүстік Бозащы МАС – Қаражанбас МАС» - 24,88км;
    • АПМЗ базасындағы битум зауытына мұнай құбыры - 11,297 км.
  • Жалпы сыйымдылығы 419,8 мың м3 резервуарлық парк;
  • Электр беру әуе желілері – 1050 км;
  • Мұнай қыздыру пештері – 18 бірлік;
  • Негізгі сорғы жабдығы – 52 бірлік.
Өндірістік процесті келесі құрылымдық бөлімшелер жүзеге асырады:
  • «Өзен» бас мұнай айдау станциясы;
  • «Бейнеу» желілік өндірістік-диспетчерлік станция;
  • «Қаражанбас» желілік өндірістік-диспетчерлік станция;
  • «Жетібай» мұнай айдау станциясы;
  • «Ақтау» бас мұнай айдау станциясы. Ақтау халықаралық теңіз сауда порты аумағында мұнай құю айлақтары арқылы мұнайды танкерлерге құятын Қазақстан бойынша жалғыз станция.
  • Технологиялық көлік және арнайы техника цехы;
  • Өндірістік қызмет көрсету базасы;
  • Оқу-курстық комбинат;
  • Авариялық қалпына келтіру пункті;
  • Орталық химиялық зертхана;
  • Электр – химиялық қорғау және әуе желілері құралдарын жөндеу және қызмет көрсету учаскесі;
  • Автоматтандырылған басқару жүйесі учаскесі;
  • Өлшеу құралдарын тексеру және метрологиялық қамтамасыз ету учаскесі;
  • Орталық қойма.
Мекен-жайы:

130002, Қазақстан Республикасы,
Ақтау қ., 8-шағын аудан, 38 «б» ғимарат
Кеңсе телефоны: +7 (7292) 479 216, факс +7 (7292) 479 219