ШЫҒЫС ОПЕРАТОРЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ БАСҚАРМАСЫ

Маренов Бекайдар Төлегенұлы
«ҚазТрансОйл» АҚ Шығыс операторлық қызметтер көрсету басқармасының бастығы
Шығыс операторлық қызметтер көрсету басқармасы бұрын, яғни 2006 жылдың 10 ақпанында құрылған Үшарал мұнай құбыры басқармасының қайта құрылуы және Қарағанды және Жезқазған мұнай құбыры басқармаларынан мұнай құбырларына қызмет көрсету учаскелерін беру жолымен 2018 жылдың 3 қаңтарында ұйымдастырылды.

ШОҚБ-ның негізгі қызметтері мыналар болып табылады:
  • «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС үшін мұнай тасымалдау;
  • Кейіннен Қытай Халық Республикасына айдау үшін «Атасу-Алашанькоу» ММҚ, «Кеңқияқ-Құмкөл» ММҚ арқылы мұнай тасымалдау;
  • «Атасу-Алашанькоу» және «Кеңқияқ-Құмкөл» магистральдық мұнай құбырларын пайдалану бойынша қызметтер көрсету, «Торғай-Петролеум» АҚ мұнай құбырын пайдалану бойынша қызметтер көрсету.
2020 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша Шығыс операторлық қызметтер көрсету басқармасында 655 жұмыскер еңбек етеді, олардың ішінде ИТҚ – 188, жұмысшылар-467.

Басқармада ұзындығы 1540,273 км, оның ішінде «Атасу-Алашанькоу» ММҚ 0 км - 962,9 км, «Кеңқияқ-Құмкөл» ММҚ - 231,39 км - 794,263 км, «Торғай-Петролеум» АҚ МҚ - 0 км - 14,5 км магистральдық мұнай құбырлары жүйесі қызмет көрсетеді.

ШОҚБ-ның құрылымдық бөлімшелері:Басқару аппараты;
  • Басқарма аппараты;
  • №8 МАС;
  • №9 МАС;
  • №10 МАС;
  • №11 МАС;
  • «Арал» ТАҚКП;
  • «Құмкөл» ЖПУ;
  • «Торғай-Петролеум» АҚ мұнай құбыры;
  • Өндірістік диспетчерлік қызмет («Атасу» ОДП);
  • Релелік қорғау және автоматика учаскесі;
  • Ақпараттық жүйелерге қызмет көрсету жөніндегі учаске;
  • Орталық қойма;
  • Технологиялық көлік және арнайы техника жөніндегі цех;
  • Шаруашылық қызмет көрсету учаскесі.
Мекенжайы:

040200, Қазақстан Республикасы,
Алматы облысы, Алакөл ауданы,
Үшарал қаласы, Қасымжанов к., №1