Жезқазған мұнай құбыры басқармасы

Райымбеков Қайрат Ахатұлы
«ҚазТрансОйл» АҚ ЖМБ бастығы
«ҚазТрансОйл» АҚ Жезқазған мұнай құбыры басқармасы 1992 жылғы 1 қаңтарда құрылды.

Басқарма функциясына «ҚазТрансОйл» АҚ жоспарлары мен тапсырмаларына сәйкес «Павлодар-Шымкент», «Құмкөл - Қарақойын» мұнай құбырлары бойынша белгіленген мерзімдерде мұнай қабылдау, сақтау тасымалдау және жеткізу міндеттерін орындау;
магистральдық мұнай құбырлары мен олардың объектілерін, резервуар паркін, сорапты мұнай айдау станцияларын, механикалық-технологиялық, энергетикалық және жылу техникалық жабдықтарды, бақылау-өлшеу аспаптарын, арнайы техника мен автокөлікті және өзге жабдықтарды авариясыз пайдалану мен техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету кіреді.

Жезқазған мұнай құбыры басқармасы 7 жүк жөнелтушіден мұнай қабылдайды: «Қазақстан–Қытай құбыры» ЖШС, «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ, «ҚазГерМұнай БК» ЖШС, «Торғай–Петролеум» АҚ, «КОР» мұнай компаниясы» АҚ, «ҚуатАмлонМұнай» БК ЖШС, «СПНС-Ай – Дан Мұнай» АҚ.

ЖМБ қызмет көрсететін учаскелер: «Павлодар–Шымкент» МҚ бойынша - 846,606 км-ден 1210,663 км-ге дейінгі учаске; «Кумколь-Каракоин» МҚ бойынша - 0 км -198,947км учаске; Б.Жұмағалиев атындағы БМАС, «Құмкөл» БМАС, «Барсеңгір» МАС, «Ақшабұлақ» ҚТП, ТКжАТ цехі, ӨҚБ, АБЖ.

ЖМБ штаттық саны 2017 жылғы 31 қаңтардағы жағдай бойынша 432 адам, соның ішінде ИТЖ - 154, жұмысшылар – 278 адам құрайды.

Мекен-жайы:

100600, Қазақстан Республикасы,
Жезқазған қ., Ескі әуежай ауданы
Тел.: +7 (7102)92-52-41, факс: +7 (7102) 92-52-41