KZTO 834,00 (-0,24%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 834,00 (-0,24%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Директорлар кеңесі

Ардақ Қасымбек
Директорлар кеңесінің мүшесі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өкілі

Директорлар кеңесіне сайланды: 2023 жылдың 14 тамызы

Азаматтығы: Қазақстан Республикасы

Туған күні: 29 қыркүйек 1977 ж

Білімі: 1998 және 2000 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде халықаралық экономикалық қатынастар мамандығы бойынша бакалавр және магистр дәрежесін алған. 2001 ж. Business School of City (Лондон, Ұлыбритания) магистр дәрежесін алды (MSc in Banking and International Finance). Институттың директорлар халықаралық ұйымының (Мәскеу қ.) Certificate in Company Direction сертификатының иегері.

Жұмыс тәжірибесі:

Еңбек жолын 1998 жылы «Қазақстан Халық Жинақ Банкі» АҚ құрылымдық қаржы бөлімінде жетекші банкир болып бастады.

2001 жылы - «Қазақойл» ҰМК» АҚ инвестицияларды басқару департаментінің менеджері.

2002-2016 жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-та корпоративтік қаржы департаментінің бас менеджері, директорының орынбасары, экономика және қаржы жөніндегі атқарушы директор, корпоративтік даму жөніндегі басқарушы директор, экономика және қаржы жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары, экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директор, аға вице-президенті – қаржы директоры қызметтерін атқарған.

2018-2019 жылдары «Капитал Казына Менеджмент» АҚ басқарма төрағасы болды.

2021-2023 жылдары - «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС бақылау кеңесінің мүшесі,                        «ҚТЖ – Экспресс» АҚ, «Кедентранссервис» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.

Қоса атқарылатын жұмыс және директорлар кеңестеріне мүшелік: басқа ұйымдардың басқару органдарының құрамына кірмейді

Компания акцияларын иелену: иеленген жоқ

Компания жеткізушілерінің және бәсекелестерінің акцияларын иелену: иеленген жоқ

Серiктестер