Реттеу және тарифтер

Реттеліп көрсетілетін қызметтер тарифтері бойынша ақпарат

«Табиғи монополия туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес (бұдан әрі - Заң) «ҚазТрансОйл» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2005 жылғы 24 қаңтардағы №16-НҚ бұйрығымен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне табиғи монополияның мынадай салаларына енгізілген:
  • мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбырлар арқылы тасымалдау қызметтері (Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнай тасымалдауды қоспағанда);
  • су шаруашылығы және (немесе) кәріз жүйелерінің қызметтері;
  • электр энергиясын беру және (немесе) тарату қызметтері;
  • жылу энергиясын өндіру, беру, тарату және (немесе) жабдықтау қызметтері.
Заңға сәйкес табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтер тарифтері реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi ұсыну үшiн қажеттi шығындар құнынан төмен болмауға және субъектiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн табыс алу мүмкiндiгiн ескеруге тиiс.

Табиғи монополиялар саласында реттелiп көрсетiлетiн қызметтер тарифтерін уәкілетті орган – 2014 жылғы тамызға дейін Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) болған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, басекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) бекітеді.

Қазіргі кезде қолданылып жүрген Магистральдық құбырлар арқылы мұнай тасымалдау қызметтеріне арналған тарифтерді есептеу әдістемесі Агенттік төрағасының 2014 жылғы 20 қаңтардағы № 13-НҚ бұйрығымен бекітілген. Осы Әдістемеге сәйкес магистральдық құбырлардың учаскелері бойынша мұнай айдау тарифтері 1000 км-ге 1 тонна мұнайды айдау тарифі негізінде есептеледі және бекітіледі.

Комитет төрағасының 2015 жылғы 21 тамыздағы №347-НҚ бұйрығымен 2015-2019 жылдарға арналған Қоғамның магистральдық құбырлары жүйесі арқылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығына мұнай айдау бойынша реттелiп көрсетiлетiн қызметіне тарифтік смета мен тарифтердің шектік деңгейлері бекітілді:

Кесте 1
Қызмет Тариф, 1000 км-ге бір тонна үшін теңгемен (ҚҚС-ты есептемегенде)
01.10.2015 ж. бастап 01.01.2016 ж. бастап 01.01.2017 ж. бастап 01.01.2018 ж. бастап 01.01.2019 ж. бастап
Мұнайды ішкі нарыққа айдау 3 225,04 3 547,46 3 902,13 4 292,40 4 721,72
Заңның 15-бабы 3-тармағына сәйкес мұнай тасымалдау бойынша қосымша реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер Қоғамның 2015 жылғы 28 қазандағы №112 бұйрығымен бекітілген және 2015 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілген:

Кесте 2
№ п/п Қызметтер Тариф, теңге/тн (ҚҚС-ты есептемегенде)
1 Мұнайды Т.Қасымов ат. МАС-тағы (бұрынғы «Атырау» МАС) т/ж шандарына құю 409,57
2 Мұнайды Т.Қасымов ат. МАС-тағы т/ж шандарынан қотару 746,34
3 «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырына Т.Қасымов ат. МАС-тағы мұнайды ауыстырып құю 80,34
4 Мұнайды «Ақтау» БМАС-тағы т/ж шандарынан қотару 121,00
5 «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырына «Мақат» МАС-тағы мұнайды ауыстырып құю 1 118,10
6 «Кеңқияқ» БМАС-тағы мұнайды ауыстырып құю 89,15
7 «Атасу» БМАС қотару-құю аспақұярлықтағы мұнайды т/ж шандарынан қотару 373,52
8 «Атасу» мұнай құю аспақұярлықтағы мұнайды т/ж шандарына құю 306,05
9 «Шағыр» мұнай құю аспақұярлықтағы мұнайды т/ж шандарына құю 280,90
10 Бірыңғай бағдарлау бойынша операторлық қызмет 41,45
11 Мұнайды тік болат сұйыққоймаларда сақтау 233,76 теңге/тн айына
Комитеттің 2015 жылғы 23 қазандағы №418-НҚ бұйрығымен бекітілген 2015-2019 жылдарға арналған Қоғамның магистральдық құбырлары арқылы су беру бойынша реттелiп көрсетiлетiн қызметке шектік тарифтер 2015 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілген:

Кесте 3
Тұтынушылар тобы Тарифтер, теңге/м3 (ҚҚС-сыз)
Техникалық Ауыз су
0-449 км 449 км
түпкі тұтынушылар
Құлсары
- Сарғамыс
Қиғаш
Халық, бюджеттік және коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ халыққа, бюджеттік және коммерциялық емес ұйымдарға коммуналдық қызметтер көрсететін басқа да кәсіпорындар 18,72 20,92 39,08 39,08
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер 67,38 151,49 95,56
Өнеркәсіп орындары және басқа коммерциялық ұйымдар 247,12 386,5 353,89
Мұнай-газ өндіруші кәсіпорындар 338,54 522,85 495,15
Прииртышск мұнай айдау стансасына таратушы желілер арқылы су беру және ағынды суларды бұру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер Агенттіктің 2012 жылғы 12 қарашадағы №284-НҚ бұйрығымен бекітілген және 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген:

Кесте 4
№ п/п Қызметтер Тариф, теңге/м3 (ҚҚС-ты есептемегенде)
1 Прииртышск МАС-қа таратушы желілер арқылы су беру 37,75
2 Прииртышск МАС-қа ағынды суларды бұру 51,28
Электр энергиясын беру және бөлу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер Агенттіктің 2004 жылғы 14 қыркүйектегі №383-НҚ бұйрығымен, Комитеттің 2015 жылғы 29 шілдедегі №313-НҚ бұйрығымен, Комитеттің 2018 жылғы 17 қаңтардағы №14-НҚ бұйрығымен, сондай-ақ Заңның 15-бабы 3-тармағына сәйкес Қоғамның 2015 жылғы 30 қазандағы №114 бұйрығымен бекітілген:

Кесте 5
№ р/с Объектілер Тариф, теңге/кВтч (ҚҚС-ты есептемегенде)
1 Ақтөбе мұнай құбыры басқармасы 0,78
2 Атырау мұнай құбыры басқармасы 0,69
3 «Ақтау» ӨТҚжЖЖБ 1,26
4 Павлодар мұнай құбыры басқармасы 1,74
5 Қарағанды мұнай құбыры басқармасы 1,13
6 Жезқазған мұнай құбыры басқармасы 0,67
7 Шымкент мұнай құбыры басқармасы 1,02
8 Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы 1,07
9 Құлсары мұнай құбыры басқармасы 0,78
10 Орал мұнай құбыры басқармасы 1,22
11 «Қиғаш» бас су сорғы станциясы 0,63
12 «Петерфельд» ЖӨДС 1,15
Жылу энергиясын өндіру, беру және бөлу бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер Агенттіктің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы №329-НҚ бұйрығымен бекітілген және 2013 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілген:

Кесте 6
Тұтынушылар тобы Тарифтер, теңге/Гкал (ҚҚС-ты есептемегенде)
Жылу энергиясын өндіру, беру және бөлу бойынша қызметтер Жылу энергиясын беру және бөлу қызметі
Халық, бюджеттік және коммерциялық емес ұйымдар, сондай-ақ халыққа коммуналдық қызметтер көрсететін кәсіпорындар 1 853 Жылу энергиясын беру және бөлу бойынша қызметтер
Өнеркәсіп орындары және коммерциялық ұйымдар 12 690,2

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтерге тарифтер бойынша ақпарат

2015 жылғы мамыр айында Заңға түзетулер қабылданған соң табиғи монополия саласынан Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу және Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнай тасымалдау бойынша қызметтер алынып тасталды.

Қоғамның 2018 жылғы 27 ақпандағы №46 бұйрығымен Қоғам магистральдық мұнай құбырларымен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге экспорттау мақсатында мұнай айдау қызметіне тариф бекітілді және Қоғамның №47 бұйрығымен Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзиттеу мақсатында мұнай айдау қызметіне тариф бекітілді. Қызметтер көрсетуге арналған тарифтер 2018 жылғы 1 сәуірден бастап күшіне енді:

Кесте 7
Қызметтер Тариф, 1000 км-ге бір тоннаға теңгемен (ҚҚС-ты есептемегенде)
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау мақсатында мұнай айдау 6 398,92
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу мақсатында Туймазы-Омбы-Новосибирск-2 (ТОН-2) магистральдық құбырының қазақстандық учаскесінде мұнай айдау 4 292,4
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №545 бұйрығымен 2019 – 2023 жылдар аралығындағы кезеңге Ресей Федерациясының шекарасы – Қазақстан Республикасының шекарасы (Прииртышск) – Атасу (Қазақстан Республикасы) – Алашанькоу (Қытай Халық Республикасы) бағыты бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қытай Халық Республикасына жылына 10 млн тонна көлемінде ресейлік мұнайды тасымалдау құны, ҚҚС-ты қоспағанда, 1 тонна үшін 15,0 АҚШ доллары, оның ішінде:
  1. Ресей Федерациясы шекарасы – Қазақстан Республикасы шекарасы (Прииртышск) – Атасу (Қазақстан Республикасы) учаскесінде, оның ішінде «Атасу» БМАС-та мұнайды ауыстырып құю – ҚҚС-ты қоспағанда, 1 тонна үшін 4,23 АҚШ доллары;
  2. Атасу (Қазақстан Республикасы) – Алашанькоу (Қытай Халық Республикасы) учаскесінде - ҚҚС-ты қоспағанда, 1 тонна үшін 10,77 АҚШ доллары мөлшерінде бекітілді.
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың бас директоры (Басқарма төрағасы) міндетін атқарушының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №223 бұйрығына сәйкес 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап:
  1. Ресейде шығарылған мұнайды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына транзиттеу мақсатында тасымалдау бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ қызметтеріне бейрезиденттер үшін мынадай тарифтер бекітілді:
    1) «Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасымен шекарасы – «Шағыр» мұнай құю пункті» бағыты бойынша мұнай айдау 1 000 километрге 1 тонна үшін 12,85 АҚШ доллары мөлшерінде (ҚҚС-сыз);
    2) «Шағыр» мұнай құю пунктінде темір жол шандарына мұнай құю 1 тонна үшін 0,84 АҚШ доллары мөлшерінде (ҚҚС-сыз).
  2. Ресейде шығарылған мұнайды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына транзиттеу мақсатында тасымалдау құны бейрезиденттер үшін 1 тонна үшін өзіне мыналарды қамтитын 25,12 АҚШ доллары мөлшерінде (ҚҚС-сыз) белгіленді:
    1) «Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасымен шекарасы – «Шағыр» мұнай құю пункті» бағыты бойынша мұнай айдау құны 1-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тарифті ескергенде – 1 тонна үшін 24,28 АҚШ доллары (ҚҚС-сыз);
    2) «Шағыр» мұнай құю пунктінде темір жол шандарына мұнай құюға арналған тариф – 1 тонна үшін 0,84 АҚШ доллары (ҚҚС-сыз).
«ҚазТрансОйл» АҚ-тың бас директоры (Басқарма төрағасы) 2018 жылғы 25 қаңтардағы №15 бұйрығына сәйкес қол қойылған күннен бастап:
  1. Ресейде шығарылған мұнайды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қырғызстан Республикасына транзиттеу мақсатында тасымалдау бойынша «ҚазТрансОйл» АҚ қызметтеріне бейрезиденттер үшін мынадай тарифтер бекітілді:
    1) «Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасымен шекарасы – «Шағыр» мұнай құю пункті» бағыты бойынша мұнай айдау 1 000 километрге 1 тонна үшін 12,85 АҚШ доллары мөлшерінде (ҚҚС-сыз);
    2) «Шағыр» мұнай құю пунктінде темір жол шандарына мұнай құю 1 тонна үшін 0,84 АҚШ доллары мөлшерінде (ҚҚС-сыз).
  2. Ресейде шығарылған мұнайды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Қырғызстан Республикасына транзиттеу мақсатында тасымалдау құны бейрезиденттер үшін 1 тонна үшін өзіне мыналарды қамтитын 25,12 АҚШ доллары мөлшерінде (ҚҚС-сыз) белгіленді:
    1) «Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасымен шекарасы – «Шағыр» мұнай құю пункті» бағыты бойынша мұнай айдау құны 1-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген тарифті ескергенде – 1 тонна үшін 24,28 АҚШ доллары (ҚҚС-сыз);
    2) «Шағыр» мұнай құю пунктінде темір жол шандарына мұнай құюға арналған тариф – 1 тонна үшін 0,84 АҚШ доллары (ҚҚС-сыз).
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге экспорттау және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу мақсатында мұнай тасымалдау бойынша қосымша қызметтерге тарифтер Қоғамның 2015 жылғы 28 қазандағы №111 бұйрығымен бекітілген және 2015 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілген:

Кесте 8
№ р/с Қызметтер Тариф, теңге/тн (ҚҚС-ты есептемегенде)
1 Мұнайды Т.Қасымов ат. МАС-тағы (бұрынғы «Атырау» МАС) т/ж шандарына құю 409,57
2 Мұнайды Т.Қасымов ат. МАС-тағы т/ж шандарынан қотару 746,34
3 «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырына Т.Қасымов ат. МАС-тағы мұнайды ауыстырып құю 80,34
4 Мұнайды «Ақтау» БМАС-тағы т/ж шандарынан қотару 121,00
5 «Кеңқияқ-Атырау» мұнай құбырына «Мақат» МАС-тағы мұнайды ауыстырып құю 1 118,10
6 «Кеңқияқ» БМАС-тағы мұнайды ауыстырып құю 89,15
7 «Атасу» БМАС қотару-құю аспақұярлықтағы мұнайды т/ж шандарынан қотару 373,52
8 «Атасу» мұнай құю аспақұярлықтағы мұнайды т/ж шандарына құю 306,05
9 «Шағыр» мұнай құю аспақұярлықтағы мұнайды т/ж шандарына құю 280,90
10 Бірыңғай бағдарлау бойынша операторлық қызмет 41,45
11 Мұнайды тік болат сұйыққоймаларда сақтау 233,76 теңге/тн айына
12 Т.Қасымов ат. МАС-тағы мұнайды Каспий құбыры консорциумы жүйесіне мұнайды қыздырмай ауыстырып құю 122,91
13 Т.Қасымов ат. МАС-тағы мұнайды Каспий құбыры консорциумы жүйесіне мұнайды қыздырып ауыстырып құю 128,43
14 «Ақтау» БМАС-тағы танкерлерге мұнай құю 403,71
15 «Атасу» БМАС-тағы мұнайды «Атасу-Алашаньқай» мұнай құбырына ауыстырып құю 286,13

Осымен «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғам жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтеріне электр энергиясын беру үшін тарифтерді және тарифтік сметаларды бекіту туралы» 2018 жылы 20 тамыздағы №99-НҚ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасының бұйрығымен келесі тарифтердің бекітілгенін тұтынушылардың қаперіне жеткіземіз:

Кесте 9
Мұнай құбыры Тарифтер
«Петерфельд» желілік өндірістік-диспетчерлік станциясы үшін 0,90 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде
Құлсары мұнай құбыры басқармасы үшін 0,61 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде
Қарағанды мұнай құбыры басқармасы үшін 0,60 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде
Атырау мұнай құбыры басқармасы үшін 0,34 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде
Маңғыстау мұнай құбыры басқармасы үшін 0,42 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде
Орал мұнай құбыры басқармасы үшін 0,36 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде
Павлодар мұнай құбыры басқармасының Шығыс филиалы үшін 0,38 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде
«Ақтау» ӨТҚжЖЖБ мұнай құбыры басқармасы үшін 1,257 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде
Жезқазған мұнай құбыры басқармасы үшін 0,71 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде
Ақтөбе мұнай құбыры басқармасы үшін 0,83 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде
Шымкент мұнай құбыры басқармасы үшін 1,02 теңге/кВтс (ҚҚС-сыз) мөлшерінде

Өзге қызмет

Қоғам заңнамамен рұқсат етілген және заңнамамен белгіленген тәртіпте Комитетпен келісілген өзге де қызметті жүзеге асырады.

Мұнай құбырларын пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер

Қоғамның негізгі қызметімен технологиялық байланыстағы өзге де түрлерінің бірі - өзге заңды тұлғаларға тиесілі магистральдық құбырларды пайдалану және техникалық қызмет көрсету.

«ҚазТрансОйл» АҚ мына ұйымдарға пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетеді:
  • Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В. – «Ақсай – Үлкен Шаған – Атырау» мұнай құбыры;
  • «МұнайТас» Солтүстік- Батыс құбыр компаниясы» АҚ – «Кеңқияқ – Атырау» мұнай құбыры;
  • «Торғай-Петролеум» АҚ – «Құмкөл – Қарақойын» магистральдық мұнай құбырына кесе кірген жерге дейін ОМҚБ-дан мұнай құбыры;
  • «Қазақстан – Қытай құбыры» ЖШС:
    • «Атасу – Алашаңқай» мұнай құбыры;
    • «Кеңқияқ – Құмкөл» мұнай құбыры.
Сондай-ақ өзге қызмет аясында Қоғам мына қызметтерді көрсетеді:
  • магистральдық құбырлар жүйесінде мұнайды алмастыру бойынша;
  • «Ақтау» БМАС-та теміржол шанынан қотару кезінде мұнайды қыздыру бойынша;
  • «Өзен – Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбырының ресейлік учаскесін ілеспе тазарту бойынша;
  • магистральдық мұнай құбырларымен тасымалданатын мұнайдың реологиялық өлшемдеріне зерттеу жүргізу бойынша;
  • химиялық реагенттерді қабылдау мен сақтау бойынша;
  • тамақтандыру, үйге тұрғызу және Қоғам магистральдық құбырлары объектілері орналасуының географиялық шекараларындағы қызметтік үй-жайларды мүліктік жалға алу (жалға беру) бойынша.

Мемлекеттiк лицензия 2015-2020 (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    368.68Кб    29.08.2020    73

Мемлекеттiк лицензия No.000112 - 03.07.08 (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    609.75Кб    29.08.2020    28

Мемлекеттiк лицензия 1578 ИИИ - 19.07.07 (Жүктеу | Жаңа терезеде қарау)
pdf    891.19Кб    29.08.2020    31