KZTO 842,00 (+0,32%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 842,00 (+0,32%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

«ҚазТрансОйл» АҚ авторларының ғылыми жұмысы Қазақстан Республикасының ғылым және техника саласындағы 2019 жылғы мемлекеттік сыйлығына ие болды

 11.12.2019    332
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 6 желтоқсандағы (№ 210) Жарлығымен «ҚазТрансОйл» АҚ авторларының «ҚазТрансОйл» АҚ мұнай құбырлары бағыттарымен мұнай және мұнай қоспаларын тасымалдауда энергия үнемдеуді ғылыми-техникалық қамтамасыз ету» тақырыбындағы ғылыми жұмысы Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы 2019 жылғы мемлекеттік сыйлығына ие болды. Бұл жұмыстың авторлары: Берік Саяхов - «ҚазТрансОйл» АҚ техникалық саясат департаментінің директоры, т.ғ.к., Ербол Махмотов - «ҚазТрансОйл» АҚ техникалық саясат департаменті ҒЗТКЖ және инновациялық секторының бас менеджері, химия ғылымдарының докторы, Қазақ ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының шетелдік мүшесі, профессор Искандер Бейсембетов, профессор Ұзақ Жапбасбаев, профессор Бағдаулет Кенжалиев және басқалар. «Smart Tran бағдарламалық жасақтамасы - бұл Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ ғалымдарының және «ҚазТрансОйл» АҚ мамандарының бірлескен жұмысының нәтижесі. SmartTran мұнайды айдау және жылыту шығын құнын төмендетуде сорғылар мен жылыту пештерінің жұмысын оңтайландырады. Ол алдымен «Өзен-Атырау-Самара» мұнай құбырында қолданылды, ол жерден біз жақсы нәтижелерге қол жеткіздік, содан кейін осы бағдарламаны бүкіл жүйеге қолдандық», - деді «ҚазТрансОйл» АҚ техникалық саясат департаментінің директоры Берік Саяхов. Авторлардың пікірінше, әзірлемені енгізу еңбек өнімділігін, мұнай тасымалдаудың технологиялық режимдерін басқаруды жоспарлау тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Басқа зерттеушілердің жұмыстары да Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері болды. Олардың ішінде «Қазақ тамақтану академиясы» ЖШС, «География институты» ЖШС және «Байсерке-Агро» ЖШС-ның жұмыстары бар. http://www.akorda.kz/ru/legal_acts/decrees/o-prisuzhdenii-gosudarstvennoi-premii-respubliki-kazahstan-2019-goda-v-oblasti-nauki-i-tehniki-imeni-al-farabi Анықтама: «ҚазТрансОйл» АҚ - магистральдық мұнай құбыры бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан. «ҚазТрансОйл» АҚ жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті
Реакция:
Серiктестер