KZTO 842,00 (+0,32%)
KASE «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары 842,00 (+0,32%)
Brent ()
WTI ()
0
0
0

Атырау мұнай құбыры басқармасының жас мамандары «Күшіміз бірлікте!» акциясына атсалысты

 04.04.2024    1521

Атырау мұнай құбыры басқармасының жас мамандары «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Жастар одағының Атырау облысындағы аумақтық бөлімшесімен бірігіп елімізде су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жөнелтуге атсалысты.

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Жастар одағының Атыраудағы бөлімшесі өз күштерімен 1 миллион теңгеге жуық қаржы жинаған. Жиналған ақшаға су тасқынынан қиын жағдайда қалған облыстардағы тұрғындарға азық-түлік, тұрмыстық қажеттіліктер және дәрі-дәрмек, көрпе, жастық, жамылғылар сатып алып, көлікке тиеп, жөнелтті.


Одан бөлек, жастар Атырау облысының Қызылқоға ауданындағы су басу қаупі бар мекендерге 20 күрек, 300 қапшық, 20 фонарь, 100 қолғап жіберді.


Ерікті жастарымыз әлі де табиғи апаттың зардабын тартып жатқан өңірлердегі отандастарға көмек беруді жалғастыруда.


«Күшіміз бірлікте!» акциясы – Атырау облысы жастарының бастамасымен көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек көрсетуге бағытталған. 

Санаттар: Компания өмірі
Реакция:
Серiктестер