«ҚазТрансОйл» АҚ тарихи ластанған жерлерді қалпына келтіруге 4,5 млрд теңге инвестициялады

23.11.2020    Көрулер: 139
Дереккөз: Баспасөз қызметі
Бүлінген жерлерді (тарихи ластануларды) қалпына келтіру жобасы аясында 2020 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының аумағында орналасқан «Өзен - Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбырының 984-985 км бірінші учаскесіндегі 4 гектар жерді қалпына келтіру жұмыстарын орындады. Аталған табиғат қорғау іс-шарасына 1,2 млрд теңге бөлінді.
 

«Өзен-Атырау-Самара» магистральдық мұнай құбыры бойындағы тарихи ластануларды жою жұмыстары 2011 жылдан бастап жүргізілуде. Он жыл ішінде жалпы сомасы 4,5 млрд.теңгеге 20,07 гектар жер қалпына келтірілді.

2021 жылы «Өзен - Атырау – Самара» магистральдық мұнай құбырының 984-985 км екінші учаскесіндегі 4 гектар жерді қалпына келтіру жоспарлануда.

Тарихи ластанған жерлерді қалпына келтіру екі кезеңде жүзеге асырылады: техникалық және биологиялық. Қалпына келтірудің техникалық кезеңі мұнаймен ластанған топырақты алуды, шығаруды, ластанған топырақты кәдеге жаратуды, таза топырақты әкелуді және аумақты жоспарлауды көздейді. Биологиялық кезең техникалық кезең аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады және тыңайтқыштарды қолдану мен топырақты жақсартатын дақылдарды өсіру арқылы құнарлы топырақ қабатын табиғи деңгейге дейін қалпына келтіруден тұрады.
 

Анықтама үшін:

«ҚазТрансОйл» АҚ - Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км құрайтын магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып келеді. Мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа 5 бағыт бойынша тасымалдайды:«Атырау-Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (танкерлерге мұнай құю), теміржол (цистерналарға құю), КҚК жүйесіне ауыстырып тиеу. «ҚазТрансОйл» АҚ-тың өндірістік объектілері Нұр-Султан, Шымкент, Қарағанды, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе облыстарында орналасқан.
 
«ҚазТрансОйл» АҚ
жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар департаменті


Басқа жаңалықтар